14 Желтоқсан, 2020
1022
Павлодарда «Тәуелсіз Қазақстан тарих толқынында» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды
Павлодарда онлайн-форматта «Тәуелсіз Қазақстан Тарих толқынында» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына көрнекті отандық ғалымдар, облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер қатысты.
Аймақ басшысының орынбасары, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Айзада Құрманова өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларға бұл конференция ел тарихындағы ақтаңдақтарды қалпына келтіру мәселелерін шешуге бағытталған мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылатынын атап өтті.
- Тәуелсіздік тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деді Айзада Құрманова. – Еліміз егемендік алғаннан кейін қабылданған алғашқы құқықтық актілерінің бірі - «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң болды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың қараша айында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Алматы қаласында 1986 жылы орын алған Желтоқсан оқиғасының тікелей қатысушысы, философия ғылымдарының кандидаты, Е.Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеу жөніндегі ғылыми-практикалық орталықтың директоры Амантай Құдабаев Тәуелсіздік және қазақ халқының оған барар жолдағы қиындықтары туралы тарих сабақтары жастардың санасының дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.
«Ақ бұлақ» қазақ жексенбілік ұлттық мектебінің педагогы, Самара облысының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айгүл Жәлелова Ресей Федерациясының Самара қаласында қазақ балаларына ана тілін, туған халқының салт-дәстүрлерін үйрету үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
- 2003 жылдан бастап Самара облысында «Айгүл» қазақ халық би ансамблі және «Маржан» қазақ халық сән театры жұмыс істейді, - деді Айгүл Жәлелова. – «Маржан» сән театры қазақтың ұлттық киімдері негізінде сәндік коллекциялар әзірлейді. Осы коллекциялармен сән театры көп жылдар бойы қаланың үлкен алаңдарында өнер көрсетіп, қазақ костюмдерін балалар мен жасөспірімдердің өнері мен шығармашылығының керемет туындысы ретінде көрсетіп, қазақ халқының мәдениетін насихаттайды.
Сібір заң университетінің аспиранты, Омбы қаласындағы «Мөлдір» қазақ мәдениеті орталығының мүшесі Шолақов Мұрат домбырада ойнауды үйреніп, туған халқының дүниетанымының тереңдігін түсіне алғанын айтты. Сондай-ақ, ол өз баяндамасында Ресей Федерациясының аумағында тұратын қазақ жастары үшін өз этносының тілі мен мәдениетін зерделеу маңызды екенін атап өтті.
Конференцияның жұмысын жалғастырған секциялық отырыста ЖОО-ың оқытушылары мен Павлодар қаласының мектеп педагогтары сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның әлемдік тарихтағы рөлі және Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік - дамудың негізі» тақырыбында III-ші облыстық сессиясы өтті
-
Президент кеңесшісі Павлодардағы Достық үйінде болды
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
28 Мамыр, 14:16
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
27 Мамыр, 16:35
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік - дамудың негізі» тақырыбында III-ші облыстық сессиясы өтті
-
Президент кеңесшісі Павлодардағы Достық үйінде болды
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды