07 Сәуір, 2022
283
Жанды жадыратар жақсылық жаса
Қайырымдылық – Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. ҚХА мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері арасында өмірлік мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрдайым дайын меценаттар аз емес. Қазір қасиетті Рамазан айы – адамдар игі істер жасауға ұмтылатын уақыт. Арғы жағында Пасха мерекесінің де ауылы алыс емес. Діні мен ділі мықты жандар үшін қайырымдылықпен жақысылық жасау бірінші орында.
Діни мерекелерге байланысты ҚХА мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов пен Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Айша Идыбо мен дүнген кәсіпкерлері 250 адамға арналған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырып, 50 адамға азық-түлік салынған себеттер таратты. Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы 38 отбасына да көмек көрсетілді. Жамбыл облысы Қордай ауданында 300 адам, бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар: аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана, ардагерлер кеңесі қайырымдылық акциясымен қамтылды.
Сондай-ақ, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалынан Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының 100 аз қамтылған отбасы азық-түлік себеттерін алды.
Бұған қоса, Жамбыл облысының «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері аз қамтылған 60 отбасыға азық-түлік таратып, дәрі-дәрмек берді.
Сонымен қатар Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі де белсенді түрде қайырымдылық көмек көрсетеді. Оның төрайымы Мухаббат Миражапова мен мүшелері қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 40 тәрбиеленушісіне азық-түлік тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
Қоғамдық келісім "КММ
Баспасөз қызметі орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАР ЖӘНЕ ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
-
Қазақстан Республикасының Президенті ең алғашқы достық туралы келісім шартты Ресей елімен жасасқан болатын
-
Солтүстік Қазақстан облысында журналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық конкурсына қорытынды жасалды
-
Елордалық оқушылар достық үйіне экскурсия жасады
26 Мамыр, 01:08
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
28 Мамыр, 14:16
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
27 Мамыр, 16:35
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды