Қазақстан халқы Ассамблеясы

"Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы" ҚБ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәдуақасов Гожахмет Сәдуақасұлының бастамасымен 1989 жылы наурыз айында «Қазақстан Республикасы ұйғырларының мәдениет қоғамы» ұйғыр мәдени орталығы құрылды. Қоғамдық бірлестіктің басшылары Г. С. Сәдуақасов, Ф. Т. Хасанов, А. Б. Шардинов болды.

 

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы жанынан келесі бөлімдер жұмыс істейді: Әйелдер кеңесі, ұйғыр тілінде оқытатын мектептер Қауымдастығы, Ғалымдар кеңесі, "Жигит Беши" Институты, Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесі, медицина Кеңесі, суретшілер Кеңесі, Аналар кеңесі, Қазақстанның ұйғыр Жастар одағы, спорт Кеңесі.

   

Ресурстық база: "Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы" ҚБ негізгі ресурстық базалары 63 мектеп, оның ішінде 15-і ана тілінде, 48-і аралас мектеп, "Ұйғыр авази" республикалық газеті, К. Кужамьярова атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р. Б. Сүлейменова атындағы Шығыстану институтының ұйғырлану орталығы болып табылады.

Басшысы: Абдулхалил Долкунтай

Негізгі жобалар: жыл сайын мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қайырымдылық концерттері, "Нұр Отан" ХДП жанындағы "РЭКЦУК" және "Жас Отан" «Патриотизм және азаматтық – Қазақстан егемендігін дамыту мен бекітудің маңызды факторлары" тақырыбында жастар форумы, сонымен қатар Қазақстан халқының бірлік күні, ҚР Конституциясы күні, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеу шеңберіндегі іс-шаралар өткізіледі.

Соғыс және еңбек майданы ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар әзірленіп, ұйғыр тілінде оқытатын мектептер арасында "Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында зияткерлік ойын жүргізіліп, сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Күнін өткізіп, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Осы мерекелер шеңберінде "Қазақстанның ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы" ҚБ өңірлік бөлімшелеріндегі салтанатты жиналыстар мен мерекелік іс-шаралар өткізді.

 

Байланыс мәліметтері

Нақты мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы к-сі, 40 үй, Достық үйі, 29 кабинет

Заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Розыбакиева к-сі, 13

телефон: +7 775 633 33 69

сайт: www.uighur.kz

e-mail: uigyr@bk.ru