Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Масис» қазақстандық армян қоғамы» РҚБ

«Масис» қазақстандық армян қоғамы» РҚБ

Бірлестік 2015 жылғы 19 тамыздан бастап жұмыс істейді.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің құндылығын ілгерілетуге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік маңызы бар жобалары мен іс-шараларын іске асыруға белсенді қатысады.



Ресурстық база: Бірлестік өкілдері Жаңа жыл, Балаларды Қорғау күні, Ораза және Құрбан Байрам қарсаңында өткізілетін балалар үйлерінің балаларына, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық фестивальдерін өткізеді. Қазақстан Республикасында тұратын этностардың мәдениетін, әдет-ғұрпын дамытуға арналған Наурыз мерекесі, армян тағамдары фестивалі, "Аналар күні" деген мерекелер өткізіледі.

 

   

Басшысы: Вартересян Эрнест Вардович

Жобалар мен іс-шаралар:

Бірлестік өкілдері "Эльбрус" - "Артур Оганесянның Кавказ би мектебі" мектептерін ұйымдастырды. Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларында жексенбілік мектептер ашылды.

 

Бірлестік Алматы қаласының, облыстардың және ҚР аудандарының әкімдіктерімен мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-та баяндамалар үнемі өткізіліп тұрады.

 

Байланыс мәліметтері

050020, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Жамал Омарова к-сі, 33 үй, 23А кеңсесі

+7 701 711 74 50