Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация Кеңесі

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ

МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі - Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңесші органы болып саналады. 
Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық медиация ұйымдарының өкілдері, нотариус, адвокаттар, ҚХА медиаторларынаңжәне басқалардан құрылады.

 

Кеңестің құрамын, Кеңес ҚХА Хатшылығымен келісе отырып бекітеді. Кеңес Төрағасын Кеңес отырысында оның мүшелері сайлайды. Кеңес төрағасы - ҚХА Кеңесінің мүшесі болуы қажет.

 

Кеңестің мақсаты:

-         Қазақстан Республикасында қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде медиация институтын дамыту,

-         ҚХА шеңберіндегі қоғамдық келісім саласындағы медиация стратегиясын дайындау,

-         Қоғамдық келісім саласындағы ҚХА құрылымдарының медиация жөніндегі қызметін үйлестіру және жүйелеу,

-         ҚХА құрылымдарының медиация бойынша қызметін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету,

-         Этносаралық қатынастар саласындағы медиацияның отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу, ҚХА шеңберіндегі медиация тәжірибесін жетілдіру,

-         ҚХА құрылымдары үшін этносаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша оқу материалдарын дамыту,

-         Ұлтаралыққатынастар саласындағы отандық және халықаралық делдалдық ұйымдармен ынтымақтастық.

 Кеңес өз құзыреті шегіндеқұқығы бар:

-         Мемлекеттікоргандардан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға,

-         Медиация Кеңесінің отырыстарында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерінің, Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, ақпараттарыңқабылдау,

-         Кеңестің құзыретіне кіретін нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында, жұмыс топтары мен комиссиялар құрылу,

-         Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау,

-         Медиациянықұқықтық реттеу бойынша ұсыныстар енгізу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

СОСТАВ РЕСПУБЛИКАНСКОГО СОВЕТА МЕДИАЦИИ АНК