13 Сәуір, 2022
327
Аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды құрметтейді
«Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Аналар кеңесінің отырысы өтті.
Аналар кеңесінің атқарылған қызметі туралы кеңес төрайымы К.С. Рахимжанова баяндама жасады. Ол өз баяндамасында отбасы институтын нығайту, жас қыздарды ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Достық үйінің бөлім басшысы Айгүл Жанбатырова Күләш Сәбікенқызына қоғамдық жұмысы үшін алғыс айтып, мекеме басшысы Е. Б. Нұғмановтың Алғыс хатын табыстады.
Қ. С. Рахымжанованың еңбек демалысына шығуына байланысты кеңес мүшелері Көкшетау қаласындағы №17 орта мектебінің оқытушысы А. С. Жазиеваны аналар кеңесінің төрайымы, А. Х. Мұхамедрахимованы кеңес орынбасары етіп сайлады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Күләш Сәбікенқызы жаңа төрайымның иығына, Қазақстанның жарқын, бейбіт болашағына деген сенімінің, бейбітшілік пен ана махаббатының символы – «ақ орамал» жапты.
Биыл аналар кеңесі «Ертегілер арқылы Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне» жобасын жүзеге асырып отыр. Бұл ютуб-арнада облыстың этномәдени бірлестіктері дайындаған балаларға арналған авторлық ертегілердің ана тіліндегі көрсетілімі.
Қазіргі таңда «Ютуб-арнада орыс, қазақ және поляк тілдерінде үш ертегі шықты», - деп хабарлады мекеменің бас маманы Г. О. Караканова.
Кеңес отырысына жиналғандарды аналар кеңесінің жаңа төрайымы Жазиева А. отбасы институтының маңыздылығын және әйел – ананың жастарды рухани - адамгершілік тәрбиелеудегі рөлін арттыруға бағытталған «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасымен таныстырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы