Қазақстан халқы Ассамблеясы

27.04.2024

49

Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді.



Іс-шараға генерал-лейтенант, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақытжан Ертаев, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.



Айта кетейік, зардап шеккендерге жедел, тәулік бойы көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. ҚХА-ның республикалық және өңірлік штабтары жұмыс істейді. «Жүректен жүректе» акциясы жалғасуда.





Кейін қарай