Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Наурыз, 2024

73

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ​​Наурыз мейрамымен құттықтады


Құрметті отандастар!

Бірлік пен татулықты, түсіністік пен мейірімділікті және өзара тұрақтылық пен келісімді бейнелейтін мерейлі мереке, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Наурыз — еліміздегі ең сүйікті және жалпыхалықтық мерекелердің бірі.

Ел бірлігі мен отбасылық бақыттың құндылығын, біртұтас отбасыға жататынымызды бұрынғыдан да айқын сезіне бастадық.

Қоғамдық келісімнің арқасында осы күнге дейін кез-келген қиындықты иық тіресе еңсеріп келеміз. Бұған дәлел –тарихымыз.

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған бұл мереке сізге және жақындарыңызға мықты денсаулық, қуаныш, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ​​​М.Әзілханов

Кейін қарай