25 Сәуір, 2022
400
«Достық шаңырағының астында»
«Қоғамдық келісім» мекемесінде «Полония» поляк мәдени-ағартушылық қоғамының мерейтойына арналған «Достық шаңырағының астында» атты облыстық форумы өтті.
Осыдан 25 жыл бұрын Талдықорған қаласында «Полония» поляк өңірлік қоғамы құрылған болатын. Осы жылдар ішінде поляк этномәдени орталығы Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді қатысып, өзінің мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін дамытып келеді, сондай-ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру, аға буынды құрметтеу бағытында жастармен жұмыс жүргізіледі.
Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Серік Бимұханбетов құттықтау сөз сөйледі. Қонақтарды поляк орталығының мерейтойымен құттықтай отырып, олар поляк орталығының бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, облысты дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Сондай-ақ, бүгінгі іс-шараның қонағы Польша Республикасы Бас консулдығының вице-консулы Марк Стшесневеч құттықтау сөз сөйлеп, «Полония» поляк мәдени-ағарту қоғамының белсенділеріне вице-консул естелік сыйлықтар табыстады.
Шара барысында қатысушылар мен Польша мемлекетінен келген арнайы қонақтарға поляк орталығының қызметімен таныса алатын фотокөрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Польша Республикасы Краков қаласының «Промыки Кракова» шығармашылық ұжымының қатысуымен және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Іс-шара соңында поляк орталығының белсенділері мен бүгінгі форумға қатысушыларға салтанатты түрде алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ
-
Шымкентте «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі өтті
-
Шортанды ауданында алғаш рет «Достық дәмі» фестивалі атап өтілді
-
«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында киіз үй орнатылды
-
Республика күні аясында «Достық» шахмат клубы ардагерлер арасында турнир өткізді
-
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы «достық» кубогын ұйымдастырды
8 Мамыр, 02:13
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
10 Мамыр, 19:20
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
7 Мамыр, 08:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:53
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
9 Мамыр, 11:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жеңіс күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ
-
Шымкентте «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі өтті
-
Шортанды ауданында алғаш рет «Достық дәмі» фестивалі атап өтілді
-
«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында киіз үй орнатылды
-
Республика күні аясында «Достық» шахмат клубы ардагерлер арасында турнир өткізді
-
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы «достық» кубогын ұйымдастырды