Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Наурыз, 2024

98

«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға SANA халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының басқарма төрағасы - бас директоры, PhD докторы Бауыржан Сержанов, Алматы облысының «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Абубекир Чикаев, SANA халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының басқарма мүшесі- басқарушы директор, PhD докторы Азамат Кужбанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен жастар қатысты.

Кездесу барысында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған негізгі идеялар мен ұсыныстарды жүзеге асыру жоспары талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.

Іс-шараны Алматыдағы республикалық Достық үйі мен «Ахыска» республикалық түрік мәдени орталығы ұйымдастырды.

Кейін қарай