Қазақстан халқы Ассамблеясы

Басшылық құрамы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н.Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда айқын жеңіске жетті.

2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты.

Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - «SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті.

Президенттің үш қызы бар.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы.

Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.

Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВ

ҚазСРО, Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданының Қайнар ауылында 1958 жылы 8 шілдеде дүниеге келген – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші.

Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ. (1980);

Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті, құқық факультеті, Мәскеу қ. (2000);

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазССР Ғылым академисының тіл білімі институты, (1987);

Филология ғылымдарының докторы (2008) ;

Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор

Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014);

Кәсіби тәжірибесі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);

Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999);

Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап);

Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап).

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016)

Түркістан облысы әкімі (20.06.2018)

Марапаттары:

Құрмет ордені (2003), Парасат ордені (2011), «Астанаға 10 жыл» медалі (2008), Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011), «Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011),

«Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011), Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015).

Еңбектері: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 1985 ж.), «Қазіргі тіл лексикологиясы» (Алматы, 1986 ж.), «Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті нысандары» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тілі» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтама» (Алматы, 1996 ж.), «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл» (Анкара, 1996 ж.), «Президенттің бір жылы» (Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы» (Астана, 2004 ж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы бойынша практикалық нұсқаулығы» (Астана, 2004 ж.), «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 2005 ж.), Қазақ-моңғол лексикалық параллельдері: Қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар (Мәскеу, 2005 ж.), «Қазақстан» (Мәскеу, 2006 ж.), «Алтай тілдеріндегі анлаутты еріндік дауыссыздардың мәселесі» (Рамстедт-Пеллио фонетикалық заңының ревизиясы) (Москва, 2005 ж.), «Алтай теориясының және алтайтанудың қалыптасуы және дамуы» (Түркістан, 2006 ж.), «Түрік-қазақ-моңғол этнотілдерінің өзара қатынастарының тарихы» (Алматы, 2006 ж.), «Түркі-моңғол лексикалық параллелдерін тарихи-генетикалық тұрғыдан шектеудің критерийлері мен теориялық ұстанымдары» (Астана, 2008ж.), «Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Туран тілдік одағы» (Көкшетау, 2009ж.), «Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері» (Астана, 2010 ж.), «Қазіргі заманның бірегей ғалым ‒ориенталистісі. Алтаист-түрколог А.Рона-Таштың 80 жылдығы» //Алтаистика и тюркология журналы, 2011ж., «Қазақстан негізгі кезеңдері» (Анкара, 2011 ж., түрік тілінде), «Туран тілдің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралық, мәдениеттераралық интерференция құбылысы//Түркі дүниесі. Альманах.( Астана, 2012ж.), «Қазақстан. Экономика. Инвестициялар. Маңыздылығы» (Анкара, 2012 ж., қазақ және түрік тілінде), «Қазақстан –Түркия: жоғары деңгейлі стратегиялық ыңтымақтастық» (Анкара, 2013 ж., қазақ және түрік тілінде), «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа - 20 жыл» (Анкара, 2013 ж.), «Көне түркі жазба ескерткіштірі тілінің морфологиялық жүйесі» (Астана, 2013 ж.), «Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі» (Астана, 2013 ж.), «Алтайтануға кіріспе» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркі филологиясына кіріспе» авторлық бірлестікте (Астана, 2013 ж.), «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» авторлық бірлестікте (Астана, 2013 ж.),

«Қазіргі түркі тілдері» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркітанудың тарихи лингвистикалық негіздері» (Астана, 2014 ж.), «Қазақ, түрік салыстырмалы граматикасы» (Астана, 2014 ж.).


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫ

ЮСУП ХАСАНҰЛЫ КЕЛИГОВ

Келигов Юсуп Хасанұлы 1963 жылы Ингушетия ауданының Назранов ауылында дүниеге келген.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор.

Целиноград қаласына 1978 жылы 15 жасар жасөспірім жазғы демалысқа туысқандарына келіп, Қазақстанда қалып қояды.

Ю. Келигов Целиноград мемлекеттік құрылыс шеберлері мектебін, Целиноград Көлік құрылысы техникумын, Қазақ мемлекеттік академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы Шалқар РСХО құрылыс учаскесінде жұмысшы ретінде бастады.

«Ерейментау» совхозында шебер, «Шалқар» совхозында аға прораб болып жұмыс істеді. Әскерден кейін Ерейментау райпромкомбинаттың директоры орынбасары лауазымына көтерілді.

1998 жылы «Цесна» корпорациясының «Химцес» ЖШС директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының «Астана орманы» ЖШС дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының депутаттығына үш рет шақырылған. «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен мараптталған.



ШЕРЗОД АББОЗҰЛЫ ПУЛАТОВ

Пулатов Шерзод Аббозұлы 1978 жылы Өзбекстан Республикасының Андижан қаласында туған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, Нұр-сұлтан қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жастар қанатының жетекшісі және Қазақстан Республикасының «Дустлик» республикалық өзбек қауымдастығы Дін мәселелері жөніндегі сарапшысы, кәсіби медиатор.

М. Дулати атындағы «Құқықтану» мамандығы бойынша Тараз мемлекеттік университетін, «Ағылшын және араб тілдерінің аудармашысы» мамандығы бойынша Халықаралық тілдер институты, Исламабад қаласындағы Халықаралық ислам университеті (Пәкістан) «Ислам құқығы және құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. АҚШ-тың Нью-Йорк «Peace» институтында «Planning Change» дайындау орталығында Медиацияны оқытудың бір жылдық курсынан өтті.

«Түрік-Цемент» ЖШС құрылыс материалдары өндірістік кәсіпорнының қаржы директоры, «KazSnabService TTM» ЖШС коммерциялық-сауда кәсіпорнының бас директоры, «ТаразКожОбувь» ЖШС былғары-аяқ киім зауытының бас директоры болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми - зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің бөлім бастығы-бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің ғылыми зерттеулерді үйлестіру және Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бөлім басшысы болып тағайындалды.

Ш. Пулатов қазақ және өзбек халықтары арасындағы мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлесін қосып келеді.

Өзбек, қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерін меңгерген.

Возврат к списку