Assembly of People of Kazakhstan

20937

Светлана Жанғали: Президент Жолдауында әр саладағы түйіткілдердің түйіні тарқатылған

Елордада өткен Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау арнады. Бұл маңызды құжатта барлық салалардың түйіткілдері түбегейлі ескерілгеннің куәсі болдық.

Алдымен Президент бірліктің тірлігі татулық, дінаралық түсіністікке ұласып, егемендігіміздің тірлігін нығайтуға ықпал еткендігін арқау етсе, атқарылатын жұмыстардың бағытын мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылғандығын атап өтті. Сонымен қатар өз ана тіліміздің ұлтаралық қатынас тіліне айналатынына сенім білдірді. Өйткені тіл - ұлт болашағының негізгі кепілі. Сонымен қатар «денсаулық – жан саулығы» демекші, медициналық сақтандыру жүйесі алдымыздағы жылда іске қосылатынын алға тартты.

Отбасы институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлыққа қарсы күресу сияқты қоғамның өзекті проблемасына айналған дүниелердің дұрыс жолға қойылатынына үлкен сеніммен қарайтыны – оңды істердің бірі. Білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген әйел азаматтардың көбісі – бір үйдің ошағын түтетіп отырған жандар. Олар ана әрі мектептің ұстазы.

Сайып келгенде, жаңадан сайланған Мемлекет басшысы жеке бастың жауапкершілігі күшейіп, жүйелі жұмыстар атқарылатынына баса назар аударды.

Светлана Жанғали

                                                 Атырау облысы Индер аудан әкімі

жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Back to the list

TOP NEWS