Еріктілерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды
Курчатов қаласы Достық үйінде «Еріктілер қозғалысының орталығы» ұйымдастыруымен, «Еріктілер елге жақын» атты семинар кедесуі өткізілді. Семинарға қаланың белсенді еріктілері қатысты.
Семинар барысында Курчатов қаласы «Жас проджект» жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы, Жастар ресурстық орталығының әлеуметтанушысы Анар Темірханова өзінің «Қуаныш шебері» бағдарламасына қатысқанын, онда жинаған тәжірибесі жайында айтып өтті.
Шара аясында әр түрлі тренингтерде өткізлді. Осы бағытта тәлімгер Айжан Мұсатаева қатысушыларға «Біз біргеміз» психологиялық тренингін өткізді.
Белсенді жастарды қолдау барысында, мектеп оқытушысы Оразқан Айболатқызына “Біз біргеміз” акциясына қатысқаны үшін ҚХА төрағасының орынбасары атынан алғысхат табысталды.
«Ерікті жастарға көңіл бөліп, олармен қоғамдық шараларды бірге бөлісу, алдағы жоспарларының іске асыру шараларын жүргізу, еріктілерге рухани болса да көмек», - дейді еріктілер.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғысхаттар берілді.
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті