Қызылордада ҚХА еріктілері «30 игі іс» марафоны аясында қайырымдылық жасады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алғыс айту күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері сауапты іс бастады.
«30 игі іс» марафоны аясында қаланы тазартумен айналысатын азаматтарға ыстық шай мен бәліш ұсынылды.
Облыстық ҚХА волонтері Артём Кошман:
- Осы акция арқылы біз қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға жылылық сыйлауды көздедік. Осындай шаралар арқылы біз айналамызға достық атмосфераны қалыптастырып, бір-бірімізге қамқор болуға үгіттейміз, - деді.
Өз кезегінде қала тазалығын сақтаушылар еріктілердің ықыласына ризашылықтарын білдірді.
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
15 Қыркүйек, 21:37
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
15 Қыркүйек, 21:33
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
12 Қыркүйек, 19:57
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
12 Қыркүйек, 20:00
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды