Қазақстан халқы Ассамблеясы

Экономика

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды. 

Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10% қарқынмен өсіп келеді. Өткен онжылдықта елдің ІЖӨ 5 есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін). 

Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 2007 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 7 мың АҚШ долларына теңеледі. Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ доллары).

Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асады.

Соңғы он жылда сыртқы сауда айналымы 6 есеге артты, 2007 жылы 80 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Қазақстанның жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатомпром» және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел. Елімізде «Қазкоммерцбанк», «ТұранӘлем» банкі, Халық банкі сияқты жоғары халықаралық рейтингке ие ірі банктер жұмыс істейді.

Республикада бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған.

Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орында иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек. 

Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда. 

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді. 

Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.

Возврат к списку