Қызылордада белсенділер мен еріктілердің басын қосқан тренинг өтті
Қызылорда қаласының Достық үйінде «Мен Көшбасшымын» «Proдвигай себя» семинар-тренингі өтті. Тренингті Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшесі Евгений Демиденко және «QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік жүргізді.
Тренингке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, облыстық ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілері қатысты.
Еркін форматтағы кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшесі Евгений Демиденко жас буынға үлкен серпіліс берді.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII-ші сессиясында маған Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесу бақыты бұйырды. Бұл басқосуға қатысу мәртебесіне IT бағыттағы жетістіктерімнің арқасында ие болдым. Мен 16 жасымда цифрлық технологиялардың көмегімен «Boeing 757» ұшағының базасы негізінде техникалық және жобалық ұшақтардың апгрейді бойынша жоба жасадым. Бұл жобаны «Boeing» компаниясы сатып алды. Қазіргі уақытта ол жоба Ұлыбританиядағы Кренфилд аэроғарыш университетінде іске асырылып жатыр. Ал«Boeing» компаниясы сатып алған менің жобам әуе кемелерінің құрастыру құнын төмендетіп, жолаушылар санын көбейтуге, лайнердің қауіпсіздігін және энергия тиімділігін арттыруға арналған. Ең бастысы, бұл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету персоналы қажет емес. Бұл – гибридтік ұшақ. Қазіргі таңда мен «I LEARN» мобильді қосымшасы бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бұл YouTube-тің баламасы. Жоба «Google scinse fair» олимпиадасында 25 мың қатысушының ішінен екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, менде биологиялық процестердің 4D анимациясы бар, ол тірі ағзаның кез келген процестерін модельдеуге және көруге мүмкіндік береді, - деді.
«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік білім беру жүйесіндегі жаңа көзқарастарға тоқталды.
- Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы, оқушылардың танымдық белсенділігі, рухани-мәдени тәрбие беру ролінің күшейтілуі іспетті бағыттар ұрпақты озық, саналы дара тұлға деңгейінде қалыптастырады, - дей келе жастарды көшбасшы ететін басты қасиеттер туралы айтып өтті.
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады