Қызылордада ҚХА еріктілері «30 игі іс» марафоны аясында қайырымдылық жасады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алғыс айту күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері сауапты іс бастады.
«30 игі іс» марафоны аясында қаланы тазартумен айналысатын азаматтарға ыстық шай мен бәліш ұсынылды.
Облыстық ҚХА волонтері Артём Кошман:
- Осы акция арқылы біз қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға жылылық сыйлауды көздедік. Осындай шаралар арқылы біз айналамызға достық атмосфераны қалыптастырып, бір-бірімізге қамқор болуға үгіттейміз, - деді.
Өз кезегінде қала тазалығын сақтаушылар еріктілердің ықыласына ризашылықтарын білдірді.
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті