Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестіктері

2021 жылғы қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы және ҚХА Төрағасы Ассамблеяның жастар құрылымдарын «Жастар Ассамблеясы» бірыңғай республикалық жастар ұйымына айналдыру туралы тапсырма берді. 2021 жылғы 17 қарашада республикалық қоғамдық бірлестік әділет органдарында ресми тіркеуден өтіп, бүгінгі күні республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыстарда 17 облыстық өкілдіктері құрылды. Жаңа ұйымның мақсаты мен міндеттері – жастар бастамаларын дамыту, жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін көтеру. «Жастар Ассамблеясы» ұйымын кешенді дамытудың алты негізгі бағыты анықталды: 1) «Social Assembly» - жастарға әлеуметтік қолдау көрсету, білім деңгейін көтеру және жұмысқа орналасуға көмектесу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «PRодвигай себя» және «Жастардың алтын бесігі» жобалары жүзеге асты. 2) «Бірлік тілі» - мемлекеттік тілді оқыту. Бүгінде біз жастардың қарапайым, ауызекі тілді меңгеруіне жағдай жасауымыз керек. Түрлі этникалық топтардың жастары қазақ тілін үйрене алатын speaking-club форматында нетворкинг алаңдарын ұйымдастыру. Қазақстан халқының мәдениетін, тілдерін және дәстүрлерін дамытудың шоғырландырушы факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін күшейту аясында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған тіл мектебі, «Ұлы даланың – Ұлтаралық Тілі» республикалық форумы, «Мың бала» ҚХА мәдени-ағартушылық жобасы жыл сайын өткізіледі. Жалпы, айтылған бағыттар «Ассамблея жастары» қызметін шектемейді. Өткен жылдары өте қызықты жастар жобалары жүзеге асырылған аймақтық бастаманың да маңызы зор. Мысалы, "BIRLIK" жастар лагерін 10 жыл бойы өткізу бастамасымен бүгінде халықаралық дәрежеге ие болды. 3) «Ел мұрасы» - тарихи-мәдени мұраны сақтау. Біздің өткеніміз – бізді еңбекке, патриоттыққа үйрететін біріктіруші және әлеуметтендіруші күш. Жыл басында TikTok «Менің өлкемнің тарихы» жобасы іске қосылды. 4) «Таза орта» - экология мен қоршаған ортаны қорғау. Кеңесте ел Президенті 2 миллиард көшет отырғызу туралы бастама көтеріп, Ассамблея жастары «Халық достығы» алаңдарын төсеуге, жылы ағаш отырғызу жұмыстары басталып кеткен кейбір өңірлерге де тартылады. Жастар жылы аясында «Жаңғыру жолы» ҚХА елордада, аймақтарда алма бақтарын отырғызып үлгерді, балалар тұрақты түрде экологиялық акцияларды өткізіп тұрады. 5) «Қасиетті парыз» - әскери-патриоттық тәрбие. Күні кеше Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында «Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 6) «Jastar media» - медиажобаларды әзірлеу және медиасауаттылықты арттыру. 2018 жылдан 2021 жылдың қараша айына дейінгі кезеңде «Жаңғыру жолы» ҚХА Республикалық жастар қозғалысы өз тиімділігін көрсетті. Республикалық және аймақтық деңгейде өте қызықты жобалар жүзеге асырылды, олар коронавирустық пандемия кезінде жұмыстың біртұтастығы мен үйлесімділігін көрсетті, ҚХА жастары волонтерлік және қайырымдылық шараларға белсенді қатысты. Облыстық Достық үйлерінің базасында ҚХА волонтерлар қозғалысының 30 орталығы құрылды, іс-шараларға 10 мыңға жуық волонтер қатысуда. Достық үйлері негізінде ҚХА волонтерлік қозғалысы орталықтарының жұмысы тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Бірлік», «Білім», «Тәрбие», «Келісім» ҚХА волонтерлар қозғалысының негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар өткізілді. Пандемия жағдайында «Жаңғыру жолы» облыстық штабының өкілдері халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету, азық-түлік тарату, қажетті медициналық құралдарды жеткізу және т.б. Еріктіліктің негізгі қозғаушы күші болып қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға облыс жастары ұдайы атсалысқан: «Караван милосердия: 30 добрых дел», «Біз біргеміз, Риддер», «Мейірімді жүрек», «Жүректен шыққан алғыс», «Ардагерлерге құрмет» «Буккросинг», «Стань донором - сдай кровь», «Дари жизнь», «Дорога в школу», экологических акции «Бірге – таза Қазақстан», «Әлем көгершіні», «Taza Alem», «Киелі Табигат», «Өз елімде iз қалдырмай Sayahattime». ҚХА волонтерлік қозғалысының жұмысына 12 мыңға жуық волонтер тартылып, 1 миллиард теңгеден астам көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚХА жастарының қатысуымен 500 мыңнан астам қатысушыны қамтитын 2200 көп форматты іс-шара өткізілді, Жол картасы жүзеге асырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы (бұдан әрі – ҚХА) «Жаңғыру жолы» облыстық штабының белсенділері республикалық деңгейде ұйымдастырылатын іс-шараларға жүйелі түрде қатысып келеді: «Стань лидером!», «Social Assembly» жастар форумы, «Қазақстан жастарын тәрбиелеудегі этномәдени дәстүрлер», «Жастар арасындағы мәдениетаралық диалог және қоғамдық келісім», «Қазақстандық қоғамдағы этносаралық қатынастың этнопсихологиялық негіздері» семинарлар және т.б. 2021 жылдың 28 маусымынан 2 шілдесіне дейін Павлодар облысында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған республикалық тілдік мектеп өтті, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жол картасын іске асыру аясында түрлі облыстық іс-шаралар өткізілді: ( «ЭтноКвиз» турнирі, «Шексіз аспаздық» конкурсы, «Мен Қазақстанды жақсы көремін» медиаконкурсы, молодежный этнофорум «Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімде 30 жыл» жастар этнофорумы, «Этноfashion», этностық ойындардың марафоны, «Мәдениетаралық» жоба, ҚХА жастар лагері, Нұр-Сұлтан қаласының «Жастар жолы» және т.б.). Жамбыл облысының 7 ауданында (Шу, Мерке, Талас, Сарысу, Байзақ, Жамбыл, Қордай) «Өзіңді алға жылжыт!» жастар арасында «Продвигай себя!», өзін-өзі таныстыру және ұлтаралық келісімді нығайту стратегиялары туралы тренингтері өткізілді. Әлеуметтік желілерде республикалық акциялар аясында ҚХА жастары мен еріктілерінің атқарып жатқан іс-шаралары көрсетіледі: #Бізбіргеміз, #МеніңҚазақстаным», #ЕлбасыЖылуы, #Туғанелгемыңалғыс, #Шежірекүні, #Тәуелсіздікке 30жыл, #Ардагерлердіардақтайық, #Тілге-құрме Елге құрмет»,#Меналғысайтамын,#Меніңатамныңерлігі, #Меніңрәміздерім,#Менқазақшасөйлеймін,#МеніңТуым,#Маскатағыңыз,#МенВакцинаСалдырдым, «Жемқорлық біз үшін емес!» республикалық акция шеңберінде «Тәуелсіздік мен үшін ол не?» челленджі және т.б. Сондай-ақ, облыстық штаб шығармашылық шараларды өткізді: Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Күй құдіреті», Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ақиық ақын мұрасы» поэзиясының онлайн эстафетасын, «Абай оқулары» онлайн байқауы, Абай күніне арналған «Сөнбес сәуле» акциясы және т.б. Домбыра ұлттық күніне қарсаңында, Тіл мектебі #ҚХА_ДомбраКүні #ассамблеяұлтықдомбыракүні челленджін бастады. Өңірлерде Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Сондай-ақ өңірлерде жастарды қозғалыс іс-шараларына тарта отырып, тұрақты негізде спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. 2021 жылдың шілде айында Алматы қаласындағы ҚХА жастары #АғаштарғаҚамқорБол, #ВозьмиПодОпекуДерево республикалық акциясын бастады, акцияға қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, ел тұрғындары қосылды. Солтүстік Қазақстан облысының ҚХА Еріктілер қозғалысы орталығының белсенділері Дүниежүзілік панасыз жануарлар күніне орай қайырымдылық акциясын бастады. Өңірлерде волонтерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында волонтерлік белсенділікті оқыту және жастармен жұмыс жасау бойынша іс-шаралар өткізілуде. ҚХА белсенді жастары студенттер арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде, оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс күшейтілді. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті деңгейдегі жастар іс-шаралары аясында ҚХА жастар ұйымдары басқа да жастар ұйымдарымен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасайды. Қаңтар оқиғасы кезінде еріктілеріміз шет қалмай, азаматтық борышы мен сыбайластығын көрсетті. Өңірлерде тәртіп сақшылары, әскерилер, коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізілді. Қан орталықтарында біздің волонтерлар қан тапсыру акциясын өткізді, оған Нұр-Сұлтан, Алматы және Тараз қалаларында 50-ге жуық адам қатысты. Қазіргі уақытта ҚХА жастарының алдында жаңа міндеттер тұр. Ел Президенті баршамызға үлкен міндеттер қойды. Елбасының тапсырмасын сапалы орындау Жаңа Қазақстанның қандай болатынына байланысты.

2021 жылғы қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы және ҚХА Төрағасы Ассамблеяның жастар құрылымдарын «Жастар Ассамблеясы» бірыңғай республикалық жастар ұйымына айналдыру туралы тапсырма берді.


2021 жылғы 17 қарашада республикалық қоғамдық бірлестік әділет органдарында ресми тіркеуден өтіп, бүгінгі күні республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыстарда 17 облыстық өкілдіктері құрылды.

Жаңа ұйымның мақсаты мен міндеттері – жастар бастамаларын дамыту, жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін көтеру.

«Жастар Ассамблеясы» ұйымын кешенді дамытудың алты негізгі бағыты анықталды:

1) «Social Assembly» - жастарға әлеуметтік қолдау көрсету, білім деңгейін көтеру және жұмысқа орналасуға көмектесу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «PRодвигай себя» және «Жастардың алтын бесігі» жобалары жүзеге асты.

2) «Бірлік тілі» - мемлекеттік тілді оқыту. Бүгінде біз жастардың қарапайым, ауызекі тілді меңгеруіне жағдай жасауымыз керек. Түрлі этникалық топтардың жастары қазақ тілін үйрене алатын speaking-club форматында нетворкинг алаңдарын ұйымдастыру.

Қазақстан халқының мәдениетін, тілдерін және дәстүрлерін дамытудың шоғырландырушы факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін күшейту аясында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған тіл мектебі, «Ұлы даланың – Ұлтаралық Тілі» республикалық форумы, «Мың бала» ҚХА мәдени-ағартушылық жобасы жыл сайын өткізіледі.

Жалпы, айтылған бағыттар «Ассамблея жастары» қызметін шектемейді. Өткен жылдары өте қызықты жастар жобалары жүзеге асырылған аймақтық бастаманың да маңызы зор. Мысалы, "BIRLIK" жастар лагерін 10 жыл бойы өткізу бастамасымен бүгінде халықаралық дәрежеге ие болды.

3) «Ел мұрасы» - тарихи-мәдени мұраны сақтау. Біздің өткеніміз – бізді еңбекке, патриоттыққа үйрететін біріктіруші және әлеуметтендіруші күш. Жыл басында TikTok «Менің өлкемнің тарихы» жобасы іске қосылды.

4) «Таза орта» - экология мен қоршаған ортаны қорғау. Кеңесте ел Президенті 2 миллиард көшет отырғызу туралы бастама көтеріп, Ассамблея жастары «Халық достығы» алаңдарын төсеуге, жылы ағаш отырғызу жұмыстары басталып кеткен кейбір өңірлерге де тартылады.

Жастар жылы аясында «Жаңғыру жолы» ҚХА елордада, аймақтарда алма бақтарын отырғызып үлгерді, балалар тұрақты түрде экологиялық акцияларды өткізіп тұрады.

5) «Қасиетті парыз» - әскери-патриоттық тәрбие. Күні кеше Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында «Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

6) «Jastar media» - медиажобаларды әзірлеу және медиасауаттылықты арттыру.

2018 жылдан 2021 жылдың қараша айына дейінгі кезеңде «Жаңғыру жолы» ҚХА Республикалық жастар қозғалысы өз тиімділігін көрсетті.

Республикалық және аймақтық деңгейде өте қызықты жобалар жүзеге асырылды, олар коронавирустық пандемия кезінде жұмыстың біртұтастығы мен үйлесімділігін көрсетті, ҚХА жастары волонтерлік және қайырымдылық шараларға белсенді қатысты.

Облыстық Достық үйлерінің базасында ҚХА волонтерлар қозғалысының 30 орталығы құрылды, іс-шараларға 10 мыңға жуық волонтер қатысуда.

Достық үйлері негізінде ҚХА волонтерлік қозғалысы орталықтарының жұмысы тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Бірлік», «Білім», «Тәрбие», «Келісім» ҚХА волонтерлар қозғалысының негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар өткізілді.

Пандемия жағдайында «Жаңғыру жолы» облыстық штабының өкілдері халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету, азық-түлік тарату, қажетті медициналық құралдарды жеткізу және т.б.

Еріктіліктің негізгі қозғаушы күші болып қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға облыс жастары ұдайы атсалысқан: «Караван милосердия: 30 добрых дел», «Біз біргеміз, Риддер», «Мейірімді жүрек», «Жүректен шыққан алғыс», «Ардагерлерге құрмет» «Буккросинг», «Стань донором - сдай кровь», «Дари жизнь», «Дорога в школу», экологических акции «Бірге – таза Қазақстан», «Әлем көгершіні», «Taza Alem», «Киелі Табигат», «Өз елімде iз қалдырмай Sayahattime».

ҚХА волонтерлік қозғалысының жұмысына 12 мыңға жуық волонтер тартылып, 1 миллиард теңгеден астам көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚХА жастарының қатысуымен 500 мыңнан астам қатысушыны қамтитын 2200 көп форматты іс-шара өткізілді, Жол картасы жүзеге асырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы (бұдан әрі – ҚХА) «Жаңғыру жолы» облыстық штабының белсенділері республикалық деңгейде ұйымдастырылатын іс-шараларға жүйелі түрде қатысып келеді: «Стань лидером!», «Social Assembly» жастар форумы, «Қазақстан жастарын тәрбиелеудегі этномәдени дәстүрлер», «Жастар арасындағы мәдениетаралық диалог және қоғамдық келісім», «Қазақстандық қоғамдағы этносаралық қатынастың этнопсихологиялық негіздері» семинарлар және т.б.

2021 жылдың 28 маусымынан 2 шілдесіне дейін Павлодар облысында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған республикалық тілдік мектеп өтті, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жол картасын іске асыру аясында түрлі облыстық іс-шаралар өткізілді: ( «ЭтноКвиз» турнирі, «Шексіз аспаздық» конкурсы, «Мен Қазақстанды жақсы көремін» медиаконкурсы, молодежный этнофорум «Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімде 30 жыл» жастар этнофорумы, «Этноfashion», этностық ойындардың марафоны, «Мәдениетаралық» жоба, ҚХА жастар лагері, Нұр-Сұлтан қаласының «Жастар жолы» және т.б.). Жамбыл облысының 7 ауданында (Шу, Мерке, Талас, Сарысу, Байзақ, Жамбыл, Қордай) «Өзіңді алға жылжыт!» жастар арасында «Продвигай себя!», өзін-өзі таныстыру және ұлтаралық келісімді нығайту стратегиялары туралы тренингтері өткізілді.

Әлеуметтік желілерде республикалық акциялар аясында ҚХА жастары мен еріктілерінің атқарып жатқан іс-шаралары көрсетіледі: #Бізбіргеміз, #МеніңҚазақстаным», #ЕлбасыЖылуы, #Туғанелгемыңалғыс, #Шежірекүні, #Тәуелсіздікке 30жыл, #Ардагерлердіардақтайық, #Тілге-құрме Елге құрмет»,#Меналғысайтамын,#Меніңатамныңерлігі, #Меніңрәміздерім,#Менқазақшасөйлеймін,#МеніңТуым,#Маскатағыңыз,#МенВакцинаСалдырдым, «Жемқорлық біз үшін емес!» республикалық акция шеңберінде «Тәуелсіздік мен үшін ол не?» челленджі және т.б.

Сондай-ақ, облыстық штаб шығармашылық шараларды өткізді: Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Күй құдіреті», Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ақиық ақын мұрасы» поэзиясының онлайн эстафетасын, «Абай оқулары» онлайн байқауы, Абай күніне арналған «Сөнбес сәуле» акциясы және т.б.

Домбыра ұлттық күніне қарсаңында, Тіл мектебі #ҚХА_ДомбраКүні #ассамблеяұлтықдомбыракүні челленджін бастады.

Өңірлерде Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Сондай-ақ өңірлерде жастарды қозғалыс іс-шараларына тарта отырып, тұрақты негізде спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

2021 жылдың шілде айында Алматы қаласындағы ҚХА жастары #АғаштарғаҚамқорБол, #ВозьмиПодОпекуДерево республикалық акциясын бастады, акцияға қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, ел тұрғындары қосылды. Солтүстік Қазақстан облысының ҚХА Еріктілер қозғалысы орталығының белсенділері Дүниежүзілік панасыз жануарлар күніне орай қайырымдылық акциясын бастады.

Өңірлерде волонтерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында волонтерлік белсенділікті оқыту және жастармен жұмыс жасау бойынша іс-шаралар өткізілуде.

ҚХА белсенді жастары студенттер арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде, оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс күшейтілді. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті деңгейдегі жастар іс-шаралары аясында ҚХА жастар ұйымдары басқа да жастар ұйымдарымен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасайды.

Қаңтар оқиғасы кезінде еріктілеріміз шет қалмай, азаматтық борышы мен сыбайластығын көрсетті. Өңірлерде тәртіп сақшылары, әскерилер, коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізілді.

Қан орталықтарында біздің волонтерлар қан тапсыру акциясын өткізді, оған Нұр-Сұлтан, Алматы және Тараз қалаларында 50-ге жуық адам қатысты.

Қазіргі уақытта ҚХА жастарының алдында жаңа міндеттер тұр. Ел Президенті баршамызға үлкен міндеттер қойды. Елбасының тапсырмасын сапалы орындау Жаңа Қазақстанның қандай болатынына байланысты.


Возврат к списку