«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ЖАҢА МІНДЕТТЕР» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 10 маусым Астана қ. Достық үйінде «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА және «Қоғамдық келісім» РММ-нің арнайы жобасының аясында «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі: Нәтижелер мен жаңа міндеттер» дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Р.Ахметов, «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасының жетекшісі Г.Шиповских, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік тіл жанашырлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея мүшелері мен жобаның өңірлердегі жетекшілері қатысты.
Іс-шара аясында «Lingva TEN» тіл орталығының жетекшісі, қазақ тілін үйрететін онлайн мектептің негізін қалаушы, полиглот Владислав Тен «Формула казахского языка» атты кітабын таныстырды. Бұл қазақ тілінде қысқа мерзімде сөйлегісі келетін орыстілді азаматтарға арналған бірегей оқу құралы болып табылады.
Іс-шараның екінші бөлімінде TED Talks форматындағы кездесу өтті. Онда қатысушылар мемлекеттік тілді этнос өкілдері арасында тиімді ілгерілету мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спикерлер мемлекеттік тілді насихаттауға арналған жаңа идеяларымен және жобаларымен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – осы қоғамдық жоба аясында өңірлерде жүзеге асырылған бастамалар мен жетістіктерді талдай отырып, жобаның бір жылдық жұмысын қорытындылау, этномәдени бірлестіктер арасында мемлекеттік тілді оқыту мен қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жаңа идеяларды талқылау.
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті