Қазақстан халқы Ассамблеясы

«ӘЙГЕРІМ» ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ

2016 жылғы 2 наурызда «Kinopark 6» кинотеатрында («Mega Astana»СОО, Қорғалжын тас жолы, 1) сағат 16.30-да Алғыс айту күніне арналған «Әйгерім» фильмінің премьерасы болады.

Фильмнің тұсаукесеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, актерлер мен «Жас ұлан» киностудиясының түсіру тобы, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, студент жастар қатысады.

Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орныбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, фильм режиссеры Еркін Рақышев, басты рөлді сомдаған актриса Айша Мамытова қатысушыларға арнап сөз сөйлейді.