АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2016 жылғы 18 мамырда сағат 11.00-де еліміздің барлық облыстары, қалалары және аудандық кітапханалар мен ЖОО-да (синхронды түрде) Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант қазақ тілінде өтеді.
Жалпықазақстандық ашық диктанттың мақсаты «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Жалпықазақстандық ашық диктантқа ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашылық қауым мен қоғам қайраткерлері, жастар, ниет білдіруші барлық тұрғындар, БАҚ өкілдері қатысады.
Астана қаласында бұл диктант ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) өтеді.
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады