ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
2016 жылғы 10 қарашада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ҚХА залында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бірлескен қызметі туралы меморандумына салтанатты түрде қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында екі жақ болашақта бірлесіп жүзеге асыратын қоғамдағы тұрақтылық пен үндестіктің нығаюына бағытталған жобалар туралы пікір алмасты.
Аталған меморандум шеңберінде: еңбек дауларын реттеуде татуластыру рәсімдерін қолдануды және медиация институттарын дамыту мен тарату бойынша, ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің құрамына кәсіподақ ұйымдарының өкілдерін қосу, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету бойынша бірлескен жобаларды іске асыру және тағы басқа міндеттер көзделген.
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті