ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
2016 жылғы 11 қарашада сағат 16.30-да Бейбітшілік пен келісім сарайында (Астана қ., Тәуелсіздік көшесі, 57, «Бесік» залы) ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысады.
Сонымен қатар кеңес жұмысына РФ ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Игорь Баринов, Қазақстандағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников, ресейлік делегацияның мүшелері – Ресей халықтары Ассамблеясының өкілдері, ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің қызметкерлері қатысады.
Отырыс барысында ҚХА Қоғамдық кеңестерінің тәжірибесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобы жұмысының нәтижесі және т.б. мәселелер қаралатын болады.
***
2016 жылғы 11 қарашада Ресей Федерациясының ұлттар ісі жөніндегі федаралдық агенттігінің басшысы Игорь Баринов бастаған делегация Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді.
_______________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,
+7775 400 86 39,
E-mail: info_rgy@mail.ru,
БАҚ өкілдерін көрсетілген уақыттан 10-15 минут бұрын келулерін сұрамыз.
27 Мамыр, 06:21
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
вчера, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
сегодня, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
вчера, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
вчера, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады