Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік семинары
2016 жылғы 7–9 қыркүйек күндері Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сайрайында (Сәтпаев көшесі, 28) Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік семинары өтеді.
Семинардың мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.
Семинарға Жамбыл облысында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдері қатысады.
Дәрістер, тренингтер мен тәжірибелік сабақтарды қамтитын семинарда мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, медиация, көші-қон үдерістерін реттеу, діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл және олардың алдын алу мәселелері қарастырылады.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, ҚХА ҒСК мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысып, дәріс оқиды.
Жамбыл облыстық ҚХА Баспасөз қызметі
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті