ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ РӘСІМІ
2016 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ., Достық көшесі, 11) ҚХА ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау рәсімі өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысушылар, мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялардың өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар қауымы қатысады.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі үш бағыт бойынша өтеді: «Тәуелсіздік – тірегім», «Асыл сөз», «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің тірегі».
***
ҚХА «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы түрлі этнос өкілдерінің балалары мен жастарына қазақ тілін үйретуге, Қазақстан халқының тілі, мәдениеті мен салтын-дәстүрлерін тану арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған.
«Мың бала» жобасы 2015 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіліп келеді. Жобаны іске асыру аясында 21 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оларға 587 мыңға жуық балалар мен жастар тартылды. «Мың бала» жобасы 109 мыңнан астам баланың мемлекеттік тілді білуінің сапалық деңгейін арттыруға ықпал етті.
Жоба қатысушылары эссе, шығарма, диктант жазу және шешендік өнер бойынша сайысып, өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті.
__________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13
E-mail: info_rgy@mail.ru
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті