«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» STREET WORKOUT-2016 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
2016 жылғы 1 наурызда сағ.18.00 «Сарыарқа» СОО (Астана қ. Тұран д.,24) Алғыс айту күні аясында «Тәуелсіз Қазақстан – саламатты Қазақстан» Street Workout-2016 республикалық фестивалі өтеді.
Фестивальдің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу және бұқаралық және қол жетімді спорт түрлерімен айналысуға шақыру арқылы есірткіге, шылым шегуге, ішімдікке құмарлық және интернетке тәуелділікке қарсы күрес жүргізу.
Фестивальге ««Здоровый Образ Жизни» халықаралық қозғалысының көшбасшысы, «Street Workout» Бүкілукраиндық қоғамдық ұйымының президенті, халықаралық «Street Workout» ұйымының жетекшісі - Денис Минин (Украина), «Street Workout» қозғалысының көшбасшысы - Адам Рав (Чехия), халықаралық дәрежедегі судья, «Street Workout» бойынша бірнеше дүркін чемпион - Константин Албуков (Ресей), «Street Workout» бойынша әлемнің қазіргі чемпионы, Қазақстанның абсолюттік чемпионы – Дияс Биджиев (Қазақстан), «Bar Bars Pro» командасының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, ҚР жетекші спортшылары, оқушы жастар және Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Фестивальдің құрметті қонақтарының қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері сөз сөйлейді.
Фестиваль аясында «Чемпион бол!» қайырымдылық акциясы өтеді, акция барысында Сарбаев Әділ Жақсылықұлының емделуіне қажетті қаражат жинау жоспарланған. Фестивальге қатысушыларға – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне естелік сыйлықтар беріледі, сондай-ақ фестивальге қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Street Workout and Street Lifting Қазақстан федерациясы» РҚБ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Фестиваль соңында жастардың «Мен алғыс айтамын!» флеш-мобы ұйымдастырылады.
Воркаут (WORKOUT) – спорттың ең қолжетімді түрі, ол көп қаржыны қажет етпейтін және негізінен өз дене салмағымен шұғылданатын, спорттың қауіпсіз түрі болып саналады. Жасына байланысты шектеулер қойылмайтындықтан спорттың бұл түріне қызығушылық артуда. 2009 жылға дейін Воркаут спорты туралы Қазақстанда ақпарат болмады. Бүгінгі таңда Воркаутпен шұғылданатындардың саны Қазақстанның Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау сияқты ірі қалаларында 75 мыңнан асса, Астананың өзінде ғана 5 мыңға жетті. Қазақстаннан тыс жерлерде стрит воркаут спортымен 2 000 000 адм айналысады. А.ж. 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының қалалары мен облыстарында ҚХА «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында «Street workout» көше спортымен айналысуға арналған спорт алаңдарын салу жобасы іске қосылады.
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,
E-mail: info_rgy@mail.ru
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты