
25 Қыркүйек, 2018
5695
«Қасиетті Қазақстан» жобасы – туризмді көркейтудің қайнар көзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласында көрсетілген жобалардың бірі «Қасиетті Қазақстан» жобасы.
Оның мақсаты — қазақ жеріндегі әрбір құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай отырып, ол жерлердің қасиетін, ерекешелігін тарих беттерінде қалдыру, ұрпақ санасына елдің-жердің қасиетін сіңіру. Осыған байланысты аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздегі қасиетті орындардың тізімі жасалды. Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылып, оның қатары елдің жайын білетін, зерттейтін ғалымдармен толықты. Аймақтарда жергілікті өлкетанушылар тобы жасақталды. Бүгінде «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша 100 қасиетті орынның тізімі жасалып, аталмыш жоба өз жұмысын ілгері жүргізе бастады.
Негізінен, еліміздегі қасиетті орындар бес топқа бөлініп отыр. Олар: ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері; археологиялық ескерткіштер мен орта ғасырлық ескерткіштер; діни және ғұрыптық орындар; тарихи тұлғаларға қатысты орындар; саяси, тарихи орындарға байланысты қасиетті жерлер. Міне, біз үшін болашақта осындай киелі аумақтарды қастерлеу, олардың тарихын кеңінен білу, бүгінгі ұрпаққа насихаттау маңызды бола түспек.
Жоба санамызды қайта жаңғыртады
«Қасиетті Қазақстан» жобасына қатысты бізбен пікірлескен мамандардың басым бөлігі бұл жоба санамызды қайта жаңғыртатынын алға тартты. Мәселен, этнограф ғалым Әсем Қасымханованың айтуынша, осы жобаның аясында бір ғана Оңтүстік өңірде ұмыт бола бастаған 23 қасиетті орын тізімге енген.
— Өз басым, «Қасиетті Қазақстан» жобасы дер кезінде қолға алынып отыр деп есептеймін. Қазіргі ақпараттық технологияның заманында біздің көне қасиетті жерлеріміз, қойнауы тарихқа толы елді-мекендеріміз жайлы мәліметтер азайып барады. Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қолдау мақсатында аталмыш жоба аясында түрлі шаралар өткіздік.
Соның нәтижесінде Шымкентте тарихи маңызы бар Қаратөбе қорымына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оба патшалық қорымына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бұған қоса Қазығұрт тауын мәдени орталыққа айналдыру жоспарланып отыр. Ал, мұндай жерлер назардан тыс қала бастағаны рас. Сондықтан, «Қасеитті Қазақстан» жобасы елдің, жердің қадірін білу үшін, құнын арттыру үшін қажет. Бұл жоба арқылы біз жас ұрпақтың санасын жаңғыртып, жастарға тарихты біліп өсуге ықпал етеміз. Сондықтан, аталмыш жоба санамызды жаңғыртады. Осылай айтуға толық негіз бар, — деді этнограф ғалым Әсем Қасымханова.
«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы – жақсылықтың жаршысы
Жалпы, жобаның болшағынан көп үміт күтетін ғалымдар легі елімізде аталмыш жобаны насихаттау мақсатында көптеген шаралар атқарылып жатқанын алға тартып отыр. Соның бірі — биылғы жылы «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясын жарыққа шығарудың жоспарлануы. Бұған қатысты еліміздегі Стратегиялық зерттеулер институтының маманы Жайна Ертуғанова: «Энциклопедияға еліміздің батысындағы төрт облыстың киелі жерлері енгізілмекші. 362 әулие жатқан киелі Маңғыстау өңірінде 10 мыңнан астам ескерткіш бар. Жалпы, батыс өңірінің қойнауы тарихи құндылықтарға толы. Жоба елдегі кез келген қасиетті жердің насихатын арттыруды көздейді», – дейді.
Сондай-ақ, жоба үйлестірушілері биылғы жылы Қазақстанның киелі жерлері жайлы мәліметтер 30 арнайы бейне-роликпен шығарылатынын алға тартып отыр. Ал, келесі жылы олардың саны 60-қа өспек. Бұған қоса 3D форматы бойынша киелі жерлердің тарихын цифрландыру жобасы да жүзеге асырылуда. Осының арқасында киелі жерлердің тарихы жайлы қажетті мәліметтерді ғаламтордан тауып алу да жеңілдей түседі.
«Қасиетті Қазақстанның» картасы да жаңғыртылды
Негізінен, «Қасиетті Қазақстан» жобасы қолға алынғалы бері еліміздегі киелі жерлердің картасы жасалған болатын. Қазір осы картаны жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте тарихшы-ғалым Ерлан Сайлаубай:
— «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша бастапқыда киелі жерлердің топографиялық картасы жасалынған болатын. Ал, қазір еліміздегі қасиетті жерлердің техникалық картасы қоса жасалынуда. Киелі жерлер туралы әрбір адам толық мәлімет алуы үшін 100 нысанның тарихы нақты-нақты көрсетіліп, үш тілде кеңінен ақпарат таратылып отыр. Болашақта бұл жоба еліміздегі әрбір киелі жердің тарихынан толық мағлұмат беретін болады. Жалпы, жобаның болашағы зор. Сондықтан, көптеген істерді тындыруға бел шешіп кірісіп кеткеніміз абзал. Ең бастысы, жоба ұрпақты елдің, жердің қадірін білуге бағыттай білуі керек, — деді.
Жобаны шетелдерде жүзеге асыруға мүмкіндік бар
Мамандардың пайымдауынша, «Қасиетті Қазақстан» жобасын шетелде жүзеге асыруға да болады. Мысалы, көрші Ресей елінде қазақтың тарихына байланысты көптеген құнды дүниелер бар. «Міне, осы тарихи құндылықтарымызды зерттеп, халыққа ашық насихаттай алсақ, нұр үстіне нұр болар еді» деседі мамандар.
Тарих ғылымының докторы Жандос Арынғазин:
— Негізінде, аталмыш жобаны пайдаланып, қазақтың киелі жерлерін шеттегі қандастарымызға насихаттауға болады. Көрші Ресей, Түркия, Моңғолия, Мысыр еліндегі қандастарымызға қазақтың киелі жерлерінің тарихын тереңінен насихаттап жатсақ, қандай тамаша?! Осы жоба бойынша мәдени-барлау экспедициялары ТМД елдеріне аттандырылып жатыр. Олардың басты мақсаты да — осы. Қазақстанды әлемге насихаттаудың бұл – бір бағыты. Жалпы, қазақ батырларының, қазақ хандарының жалпақ далада қалдырған ізі бар. Бізге аманаттаған жері бар. Келешекте сол ата-бабадан қалған ел мен жерді біз кейінгі жас ұрпаққа дін аман-есен табыстап, оның тарихын санасына құйып берсек, Қазақ елі іргесі сөгілмейтін ел болады. Жобаның негізгі ұстанған мақсаты осы болғандықтан, өз басым жобаны қолдаймын. Нәтижесіне үлкен үміт артамын.
Жобаның туризмді дамытуға да ықпалы тиері анық
Жобаға қатысты экономист мамандардың пайымы — бұл жоба елдегі туризмді дамытуға үлес қосады дегенге саяды. Бұл ретте экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов былай деді:
— «Қасиетті Қазақстан» жобасы арқылы елге туристерді тартуға болады. Себебі, қазір осы жобаны қолға алғалы бері Қазақстанның киелі жерлеріне қатысты көптеген мағлұматтарды ғаламтор арқылы алуға болады. Меніңше, үш тілде Қазақстанның киелі жерлері туралы мағлұмат анық болғаннан кейін шетелдіктердің де Қазақстанға қызығушылығы арта бастайды. Демек, жоба арқылы елге туристерді тартуға мүмкіндік бар. Қазақстанның киелі жерлері туралы жасалған бейнероликтер кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Қазақ батырларының ерлігімен танысқысы келетін туристердің көп екенін өз басым білемін. Сондықтан, жобаны орындау барысында осы жайттарға басымдық берілсе, бұл жоба елдегі туризмді көркейтудің бір көзіріне айналар еді.
Сөйтіп, мамандардың байыптап отырғанындай, «Қасиетті Қазақстан» жобасының пайдалы тұстары мол. Ең бастысы, бұл жоба киелі жерлеріміздің насихатын арттырып, әлем алдындағы біздің беделімізді асқақтата түсері анық. «Қазір біз үшін әрбір тасымызды, қойнауы тарихқа толы жерімізді қастерлеу маңызды екені түсінікті. Сондықтан да, Елбасы осындай тың жобаларды ұсынып отыр. Ондағы мақсат — ұрпақ санасына елдің, жердің қасиетін ұғындырып, болашақта елдің өркендеуіне солар үлес қосса деген мақсат екені белгілі», – деп, ой түйіндейді мамандар.
Дата события ассамблеи: 25.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті