15 Тамыз, 2015
995
«Қауын мерекесі»
15 тамыз күні, қаламыздың орталық саябағында жыл сайынғы «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестиваль аясында тәжік мәдениетінің күні өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған - «Ситораи сомон» тәжік этномәдени бірлестігі.
15 тамыз күні, қаламыздың орталық саябағында жыл сайынғы «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестиваль аясында тәжік мәдениетінің күні өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған - «Ситораи сомон» тәжік этномәдени бірлестігі.
Бұл жолы тәжік этномәдени бірлестігінің қатысушылары бағдарламаның көрермендері мен қонақтарына «Қауын мерекесін» ұйымдастырды. Іс-шара аясында жиналған жұртшылыққа таулы өлке – Тәжікстан, оның астанасы Душанбе, тәжік халқының атақты адамдары, салты мен дәстүрі жайында көптеген қызықты ақпарат айтылды. Сонымен қатар, көрермендер тәжік халқының мәдениеті мен тұрмысымен, қолөнерімен, музыкалық аспаптарымен, биімен, Омар Хайямның шығармаларымен танысып, тәжік халқының ұлттық тағамы - палау мен қауыннан дәм татты.
Бұл күні Бегиджон Гиёев «бақша ханшайымы» - қауынға арналған әндерді орындап, сайыстар мен қызықты ойындар өткізілді. Павлодарлықтыр қарбыз бен қауынның көптеген пайдалы қасиеттерінен хабардар болып, ең тәтті және піскен жемісті таңдау құпияларымен танысты.
Фестиваль қонақтары мен көрермендеріне белсенділіктері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев пен «Ситораи сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Хусайн Шомахмадович Гулов ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан халқына бейбіт өмір, ынтымақтастық пен келісім тіледі.
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамтамасыз ету бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды