10 Қараша, 2017
1665
«Қазақ дастарханы» фестивалі өтті
Шымкентте облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті.
Өткен жылдары қазақтың ұлттың тағамы ет асудан шеберліктерін танытқан этнос өкілдері биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түсті.
Фестиваль аясында өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер қазақтың төңкерме, жөргем, жоңқа, көмбе, үлпершек, бұқпа, қарын бөртпе, мипалау, қазан жаппа, құрт көже сынды ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындап, оның тарихы мен әзірлеу әдіс-тәсілін іс-шара қонақтары мен қазылар алқасына таныстырды.
- Бүгінгі шараны ұйымдастыру арқылы біз өңірдегі барша этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыруды, ұлтымыздың қонақжайлық дәстүрін дәріптеуді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуды көздеп отырмыз,- деді іс-шараның салтанатты ашылуында сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов
Белгілі жазушы, облыс əкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Мархабат Байғұт, ОҚО ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, п.ғ.д., профессор Асма Қалыбекова, №6 колледждің жоғары санатты шебері Фарида Тұрғанбайқызы сынды азаматтардан құралған қазылар алқасы ассамблея мүшелері әзірлеген қазақтың ұлттық тағамдарын бағалады.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге қарын бөртпе тағамын дәмді етіп дайындаған облыстық грузин этномәдени бірлестігі лайықты деп табылды. І орынды тәжік этномәдени бірлестігі, ІІ орынды корей этномәдени бірлестігі мен ұйғыр этномәдени бірлестігі иеленді. Ал, ІІІ орын облыстық поляк, грек және неміс этномәдени бірлестіктеріне бұйырды. Фестиваль аясында мақал-мәтел айтудан сайысып, асық атудан шеберліктерін көрсеткен этнос өкілдері де марапаттан тыс қалмады.
Іс-шараға қатысқан өңір тұрғындары этномәдени бірлестіктер жанындағы өнер ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық тағамдарымыздан дәм татты.
Дата события ассамблеи: 10.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37