05 Наурыз, 2016
1423
«Қазақ еліне мың алғыс!» мерекелік іс-шарасы
Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп жатқан Алғыс айту күні Оңтүстік Қазақстан облысында кең көлемде мерекеленді. «Түркістан» сарайында өткен «Қазақ еліне мың алғыс!» салтанатты іс-шарасы әкімшілік-іскерлік орталығы алаңында ұйымдастырылған облыстық этномәдени бірлестіктердің көрмесін тамашалаудан бастау алды.
Көрмеде өңірдегі 20 этномәдени бірлестіктер өздерінің салт-дәстүрін дәріптейтін ұлттық бұйымдары, тағамдары мен өнерлерін ұсынды.
Ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтін бұл салтанатты жиында облыс әкімі сөз сөйлеп, барша жұртшылықты мәні ерекше, маңызы жоғары атаулы күнмен құттықтады.
«Қазақстанды мекендейтін барша ұлттар мен ұлыстар бір халықты, бір елді құрап, тоғысқан бір тағдырға айналды. Шын мәнінде, Алғыс айту күнін мерекелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық тұрақтылықты ортақ тарихи сана ретінде нығайтудың халықтық құндылықтарын бейнелейді. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемге өзін бірлігі бекем, ынтымақты, ырысты ел ретінде танытып отыр»,- деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы,
облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22