03 Шілде, 2018
1221
«ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС» МОНУМЕНТІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Бүгін Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Қарағанды облысының елордаға жасаған сыйлығы «Ұлытау» аллеясы мен «Қазақ еліне мың алғыс» монументінің ашылу салтанаты өтті.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-мәдени орталық өкілдерімен бірге Елбасымызға ұзындығы 250 метр аллея мен биіктігі 14 метр ескерткішті таныстырып, сыйға тартты. Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастырып, алтын көпір атанған әсем Астанамызға көрік берер бұл монументтің авторы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген сәулеткер Серік Рүстембеков.
Аспан астындағы аллеяда Ұлытаудың басты көрікті жерлері өз бейнесін тапқан. Сый ретінде Ұлытаудың таңдалуы тегін емес, ол Қарағанды облысындағы ең танымал тарихи әрі қасиетті географиялық орын. Оның қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда маңызы зор.
Енді осы киелі жердің бір бөлігі Астанаға қоныс аударғандай.Сондай ақ тас бетіне қашалып салынған жануарлар бейнелері мен «Алтын шоқы» шыңындағы тастың көшірмесін тамашалауға болады. Бұл «Теректі» петроглифтері.
Басты тосынсый Әмір Темірдің жазуы басылған Алтын Шоқы дөңінің басында болған тастың көшірмесі болды. Ол тастың түпнұсқасы әлемге әйгілі Эрмитажда сақталған. Аллея басында бой көтерген 14 метрлік қола мүсін композициясында үш баланы құшағына алып, бауырына басқан қазақ әйелінің, қамқор ананың тұлғасы бейнеленген.
Мүсіншілер монументтің кескін-келбетіне зұлмат заманында түрлі зобалаңға ұшырап, қазақтың даласына зорлықпен қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерін өзекке теппей, өз баласындай бауырына басқан қазақ халқының асыл қасиеттерін айшықтап көрсетуге тырысқан.
Астана шаһары облысымыздың ыстық ықыласпен ұсынған тарту-сыйымен тіпті де шырайлана түсері анық.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы