
05 Ақпан, 2018
5479
«Қазақ халқының ұлы көсемі»
Орал қаласының Достық үйінің кітапханасында кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, елін, жерін құрметтеуге, осындай мақтан етер ұлы тұлғаларды тануға тәрбиелеу және осындай тұлғалардың еңбектерін көбірек оқып, ой-саналарын жетілдіру болып табылады.
Ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына тоқтала кетіп, бейнеролик көрсетіліп, әрі қарай мектеп оқушылары Молдабаева Айназ, Абдулова Арайлым, Маликова Аймира, Аманғалиева Салтанат, Орахова Диляра, Елдосқызы Фариза өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің доценті Абдульманов Алтынбек Абуталиевич шарамызға қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының жан-жақты қырларымен толықтай әңгімелеп айтып берді.
Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алашорда өкіметінің мүшесі. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Сағатбаева Әсел, Сүндетқалиева Гүлайна қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы слайд көрсетіп, өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Іс-шараның соңында оқушыларға бүгінгі кездесудің нәтижесін байқау үшін сұрақтар қою, фото суреттер мен жылдарды көрсету арқылы жүргізілетін тренинг ойыны ойнатылды.
Іс-шара шеңберінде «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды. Оқушылар өткізіліп отырған іс-шарадан қазақ халқының мақтан тұтар ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов туралы көптеген мағлұматтарды білді және сол арқылы өз білім деңгейлерін көтере алды.
Дата события ассамблеи: 05.02.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы