20 Шілде, 2015
2737
«Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті
Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өткізуімен болған жиында қоғам қайраткерлері, тарихшылар ұлттық тарихымыз жайлы баяндама жасады.

Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын облыстық тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықов, Жәнібек хан тарихындағы ақтаңдақтар тақырыбын М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев әңгімеледі. Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек жайлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Қайдаров, Қазақ хандығының тарихындағы Бөкей ордасының орны туралы Бөкей ордасы тарихи мұражай кешенінің директоры Ғайса Махимов баяндама жасады. Ал Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өткізу жөнінде қандай шаралар жоспарлануда екені туралы облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Вячеслав Иночкин айтып өтті.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Қазталов аудандық музейлері тақырыптық көрмелер, кездесулер, экскурсиялар өткізуде. Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-көпшілік кітапхана көрмелер, конференциялар өткізіп, әдістемелік нұсқаулықтар шығармақ. Облыстық қазақ драма театры маусым ашылуында жаңа тарихи қойылымның премьерасын жасамақ. Облыстық филармония мәдени шаралар өткізуде. Негізгі шара Хан ордасында өтеді. Онда өтетін халықаралық конференцияға шет елдердің және еліміздің тарихшылары қатыспақ. Сондай-ақ республикалық ақындар айтысы, спорттық ойындар, тарихи театрландырылған көрініс, мерекелік концерт өткізу жоспарлануда, — деді Вячеслав Иночкин.
- Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тек қана мерекелік шаралармен, ғылыми конференциялармен шектелмеуі тиіс. Патриоттық сезімді нығайтып, отандастарымыздың санасында Қазақ жеріне, мемлекетіне мақтаныш сезімін сіңіре беруіміз қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.
- Ұлт болудың бірінші белгісі – тіл. Сондықтан тілдік мәселе, тілдік деректер назардан тыс қалмай, тарихшылар мен тілші-ғалымдар бірлесе әрекет етуі тиіс. Бұл мерейтойды атап өту арқылы ұлттық сана-сезімімізді жаңа деңгейге көтерейік, – деп ұсынысын ортаға салды халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы Болат Жексенғалиев.
Соңында дөңгелек үстел отырысының қабылданған қарары оқылды. Махаббат Каримова, Ляна Тұрсынова мен Михаил Беляев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Гүлфия Көшбаеваға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты табысталды.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты