Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қазан, 2015

977

«Қазақ мемлекеттігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференциясы

2015 жылғы 1 қазанда Ақтөбе қаласында Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ мемлекеттігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

2015 жылғы 1 қазанда Ақтөбе қаласында Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ мемлекеттігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, мемлекеттік мекемелер, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда алғашқы болып сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде: «Елбасының қолдауымен тарих сахнасынан әділ бағасын алған осы бір қасиетті мерейтойдың Республика көлемінде ерекше аталып өтуінің саяси және тарихи маңызы зор. Сол себепті «Қазақ хандығының дамуы:дәуір, оқиғалар, тұлғалар» халықаралық ғылыми конференциясын өткізуді жөн көрдік. Осы конференцияда қаралатын басты сұрақтардың бірі – Әбілқайыр ханның тарихи тағдыры. Өйткені Қазақстанның саяси тарихында Әбілқайыр ханның рөлі сөзсіз орасан зор және әлі күнге дейін ол өзінің саяси маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан оның есімін тарихымызда сақтау әр Қазақстан азаматының, соның ішінде ақтөбеліктердің борышы деп есептеймін»,-деді.

Конференцияға қатысушылардың бірі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты шаралар еліміздің әр өңірінде өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын айтып, қазіргі еліміздің нақтылы дамуына тарих қосқан үлесін айрықша атап көрсетті.

Аталмыш іс-шара барысында  Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарынның докторы А.Айталы «Тарихқа Еуразиялық көзқарас және Әбілқайыр хан тағдыры» деген тақырыпта бюаяндама жасады. Жалпы конференция қатысушылары үш топқа бөлініп жұмыс жасады.

Конференция аясында  «Ұлы дала нақыштары» халықаралық көрме-жәрмеңкесі, «ITFA-2015 Туризм.Саяхат.Спорт» ХІІ-ші аймақтық туристік көрмесі, «Шеберлер ауылы» республикалық фестивалі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің «Студенттер сарайында» Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Бабадан қалған байтағым» аймақтық ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қазақстан бойынша 18 айтыскер қатысты. Ұлттық өнердің ерекше түрін тамашалауға келген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов жиналған қауымды елеулі мерейтоймен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова

Кейін қарай