Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Тамыз, 2016

1200

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің бірегей моделі» тақырыбындағы жалпы сессия

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Еуразия» туристік кешенінде  «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ»  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЖАСТАР ЛАГЕРІНІҢ шеңберінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы- бірлік пен келісімнің бірегей моделі» тақырыбында жалпы сессия өткізілді. Сессия спикері болып ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Наталья Калашникова сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Наталья Павловна Ассамблеяның құрылу тарихы, ҚХА қоғамдағы  рөліне тоқталып, бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы Ассамблея жобалары,  полиэтностық Қазақстанның қалыптасу тарихы мен  Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары туралы  мәлімет берді.

Сондай-ақ  Наталья Павловна Қазақстан халқы Ассамблеясымен жүзеге асырылатын ірі жобаларға тоқталды, атап айтқанда «Үлкен ел-үлкен отбасы», «Қамқор», « Тарихқа – тағзым » және тағы басқалары. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен өтіп жатқан «БІРЛІК-ЕДИНСТВО. KZ» жобасының құрылғанына жеті жыл болды. Бүгінгі таңда ол шекаралас мемлекеттердің жастар ұйымдары арасында достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнататын үлкен жобалардың бірі болып табылады. Аталмыш жоба өскелең ұрпақты  қоғамдық келісімді нығайтуға бағыттап, олардың бойында  батыл да өршіл идеяларды қалыптастыруға қызмет етеді,- деді өз сөзінде Наталья Павловна.

Іс-шара барысында лагерь қатысушылары үш топқа  бөлініп, «Қазақстанда достық пен бейбітшілікті нығайту үшін мен не істей аламын?» деген сұраққа өз жауаптарын жазды.

Лагерь жұмысы жалғасуда және бүгінгі күн де мазмұнды әрі қызық  болады деп күтілуде

БҚО әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ

Кейін қарай