04 Қараша, 2016
3005
«Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің өңірлік аспектісі: тәжірибе, практика, әдістемелер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел
2016 жылғы 3 қарашада Алматы облысының Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің өңірлік аспектісі: тәжірибе, практика, әдістемелер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Юрий Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов болды. «Бүгінде Қоғамдық келісім кеңестері нақты іс-қимыл жасай алатын, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін нығайтуға қызмет етіп отырған үлкен күш», - деді ол өз сөзінде.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ұйым қызметіндегі елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтумен байланысты жаңа нысандарды талқылады.
Іс-шара шеңберінде Қоғамдық келісім кеңестерінің түрлі бағыттары бойынша жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ қатысушылар қазақ тілін үйрену орталығының қызметімен және Алматы облысы этномәдени бірлестіктерінің қызметімен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады