Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Наурыз, 2016

974

«Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессия өтті

2016 жылғы 21 наурызда Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХІІІ Сессиясының шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын сайлау болды.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес сағ. 7:00-де Ассамблея Сессиясы өткізілген ғимаратта Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ашылды.

Дауыс беруге арналған пунктте халықаралық және қазақстандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдары қатысты.

Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруді өткізу тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелерін дауыс беруге арналған пунктке шақырды.

Әрбір сайлаушы жеке өзі дауыс берді. Басқа адамдар үшін дауыс беру сияқты, дауыс құқығын басқа біреуге беруге жол берілген жоқ.

Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыға сайлаушылар тізімінің негізінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда берілді.

Дауыс беруге 372 сайлаушы қатысты.

Дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы толтырып, қол қойды, оны Астана қаласы АСК-ның төрағасы И. Жалбиров жария етті.

Сайлаушылар дауысы төмендегідей бөлінді:

Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов үшін  - 345

Владимир Карпович Божко үшін – 349

Наталья Васильевна Жұмаділдаева үшін – 343

Роман Укенович Ким үшін – 346

Наринэ Гамлетовна Микаелян үшін – 336

Ахмет Сейдарахманович Мурадов үшін – 339

Шаймардан Усаинович Нурумов үшін – 337

Юрий Евгениевич Тимощенко үшін - 341

Шакир Хусаинович Хахазов үшін – 342.

3 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХІІІ Сессиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жария етілгеннен кейін өзінің жұмысын аяқтады.

Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпы Республика қорытындыларын Ортсайлауком 27 наурыздан кешіктірмей белгілейді.

Сайлау қорытындылары хабар БАҚ-та 2016 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей жарияланады.

   

   

   

   

Источник: http://www.election.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=3290

Кейін қарай