Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қыркүйек, 2015

2585

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - ынтымағы жарасқан отбасы» тақырыбында өткен ЭССЕ байқауы

Елімізде 2015 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтеді. Мұндай мерекені атап өтудің маңызы зор, өйткені Қазақстан – 130-дан аса этнос өкілдері тұратын көп ұлтты мемлекет. Біздің мемлекеттің саясаты Қазақстанды мекен ететін этностардың барлығы тең құқықта өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді. 

Елімізде 2015 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтеді. Мұндай мерекені атап өтудің маңызы зор, өйткені Қазақстан – 130-дан аса этнос өкілдері тұратын көп ұлтты мемлекет. Біздің мемлекеттің саясаты Қазақстанды мекен ететін этностардың барлығы тең құқықта өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді. Тіл – достықтың тірегі, адамдарды бір-біріне жақындастыру құралы болып табылады. Тілдер күні – достықтың, елімізде тұратын азаматтардың туысқандық ауызбіршілігін танытатын күн болып табылады. Ал халықтар достығы – жаңа Қазақстанды жасақтаудағы негізгі іргетас екені белгілі. Тіл білу туралы сөзінде ұлы Абай: «Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу, сол халықтармен араласудың тиімді құралы және адамның сол ортада өзін еркін сезінуі», - деген.

Елбасы Н.А.Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасы туралы: «Біз Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеу бағытында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл - мемлекетіміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың  басты қағидасы болып қала береді» деп айтқан болатын. Осы бағыттағы жұмыс аясында  «Қоғамдық келісім» КММ 2015 жылғы 22 қыркүйекте тілдер күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы - отбасы келісімі» тақырыбында  оқушылар арасында мемлекеттік тілде эссе жазудан байқау өткізді.

Байқауды Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырып, оған жалпы білім беретін қала мектептерінің 14-18 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар әр ұлттың өкілдерінен құралып, іс-шараға 14 оқушы қатысты.  Қатысушылар 90 минут ішінде ұсынылған «Ана тілім - асыл қазынам», «Қазақстан - ортақ үйіміз», «Достық - баға жетпес байлық» тақырыптарының біреуіне эссе жазды. Әділқазылар алқасының құрамына облыс әкімінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, қала мектептерінің мұғалімдері кірді. Жұмысты бағалау мақсатында: оқушылардың сауаттылық деңгейі, берілген тақырыптың ашып көрсетілуі, мазмұнының тереңдігі ескерілді. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды №1 мектеп-гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Ким Александра, 2-орынды №39 орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Пынзарь Зарина, 3-орынды № 40 гимназиясының 11 «В» сынып оқушысы Изделюпов Виталий иеленді. Байқауға қатысушылардың барлығына алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Кейін қарай