Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Ақпан, 2016

731

"Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын шақыру туралы" Өкім

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2016 жылғы 21 наурыз күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                                                      Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 19  ақпан

                       № 58

 

Кейін қарай