Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Маусым, 2015

1082

«Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік жобаларының көрмесі»

Жобаларды көрнекі түрде көрсету мақсатында көрме материал мәтінін және фотографияларды орналастыруға болатын арнайы стендтерде орналасады.  Көрмеде жобалар көрсетілген стендтер мынадай блоктарға бөлініп, орналастырылатын болады:

- «ҚХА қоры» қоғамдық қорының жобалары;

- Республикалық этно-мәдени бірлестіктердің жобалары;

- Өңірлік  этно-мәдени бірлестіктердің жобалары;

- ҚХА серіктестерінің  жобалары.

 

Көрмеде небәрі 61 жоба болады. Ұсынылып отырған жобалардың көпшілігі – табыспен іске асырылған немесе іске асырылу үстіндегі жобалар. 

                                                

 

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудың қорытындысы бойынша қысқаша ақпарат

 

            Жобалармен табысты жұмыс істеу қоғамдық ұйымдардың орнықты дамуын айқындайды. Қазақстанның этно-мәдени бірлестіктері жобаларды басқарудың ұзақ жылдық тәжірибесін жинақтаған.  

Жүзеге асырылатын жобалар Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің кең ауқымын көрсетуге бағытталған.  Жобалардың әлеуметтік мәні этно-мәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттерден туындайды, бұлар – тілдік ортаны дамытуға, қоғамда отбасылық дәстүрлерді сақтауға, толеренттылықты, патриотизм мен мейірбандықты тәрбиелеуге, мәдени мұраны байытуға, іскерлікті және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жобалар.     

Жобаларды іске асыру барысында жаңа идеялар туындап, жаңа әріптестер пайда болды, этно-мәдени бірлестіктерге немқұрайлы қарамайтын, көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуде оларға көмек қолын созуға дайын адамдардың қатары көбейді.

Игілікті істердің қорытындылары жақсы әсер қалдырады: бұл – жалпы таралымы 5000 дана болатын кітаптар, буклеттер мен газеттер шығару; бұл негізгі бөлігін оқушы-жастар құрайтын, небары 25000-дан астам қатысушы, қатысқан – көптеген конкурстар, фестивальдар, спорттық жарыстар және тағы басқа іс-шараларды өткізу. 

Іске асырылған жобалардың жиынтық бюджеті  300 миллионнан астам теңгені құрады.

Жобалардың бір ерекшелігі – инновациялық шешімдерді енгізу көзделуі, атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқытуға, көптілді оқытудың жағдайына мониторинг жүргізуге қатысты енгізілуі.  Бұл жағдайда мына жобаларды атап көрсетуге болады: «Қазақстан халқының тілдері» тілдескішін жасау («ҚХА қоры» қоғамдық бірлестігінің Тілді үйретудің инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы); «ЭМО өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді білуге арналған конкурс» («Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» РҚБ), «Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық тілде оқытатын мектептерінде көп тілді білім беру моделін әзірлеу және іске асыру» (Облыстық өзбек этно-мәдени орталығы, ОҚО, Шымкент қаласы).

Бірлікке, толеранттылыққа және патриотизмге тәрбиелеу – өңірлерден келген көптеген жобалардың маңызды тақырыбы: «Біртұтас Қазақстан – біртұтас халық!» («Жамбыл облысы жастарының арасында толеранттылықты тәрбиелеу»), «Шекара бойы ынтымақтастық форумы»; Жастардың этно-мәдени форумы «Бірлік-Единство.kz» (Павлодар облысы ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі) және т.б.

Этно-мәдени бірлестіктердің жобалық жұмыстарының ішінде қайырымдылық миссиясы ерекше орын алады. Мыңнан астам жасы ұлғайған және қартайған адамдар  соңғы 2 жыл ішінде моральдық және материалдық көмек алды. Үйренуге тұратын мысал – қарт  адамдармен жұмыс істейтін медициналық-әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Оны Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестіктерінің «Возрождение» қауымдастығы ұйымдастырды. 

Қайырымдылық жобаларының көп бөлігі мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемаларын шешуге бағытталған.   1000-нан астам мүгедек балалар тиісті көмек алды, оларға 4000-нан астам тікелей әлеуметтік қызметтер көрсетілді.  Атап айтқанда, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» қоғамдық бірлестігінің «Мейірімділік арқылы бірлік» атты кең ауқымды қайырымдылық акциясы, жақсы ойластырылған фандрайзингтің арқасында ауыр науқасқа шалдыққан балаларды қолдау үшін  35 миллионнан астам теңге тартуға мүмкіндік берді. 

Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Аналар кеңесі мен Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының «Үміт» балалар үйінің әлеуметтік жетімдік және ана болу проблемалары бойынша зерттеу жүргізу жөніндегі серіктес жобасы назар аударарлық. 

Жобалық қызметтегі маңызды бағыттардың бірі – Қазақстан халқының мәдени жетістіктерін жаңғырту және сақтау. Қолданбалы өнерді, соның ішінде зергерлікті, дәстүрлерді дамытуды, ұлттық костюмдер мен әшекейлер жасау дәстүрін дамыту, қолөнершілік орталықтарын  құру – этнобірлестіктерге қатысушылар әзірлеген тақырыптардың  әлі толық емес тақырыптары, міне, осындай. Қолөнершілік  орталықтарын құру, ұлттық костюмдер тігу шеберханаларын  Бұл жұмысты жүргізу қорытындысында – колледждердің, жоғары оқу орындарының 400-дей оқушысы әртүрлі конкурстарға қатысты, 100-ден астам  қолөнерші шеберлер шығармашылық бірлестіктерге біріккен. 

Этно-мәдени бірлестіктердің жобалық қызметіндегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жастардың бойына кәсіпкерлік дағдыларды сіңіру сияқты бағыттарды да атап көрсетуіміз керек. Жобалардың табыспен іске асырылуын мына цифрлардан да көруге болады: 32000-нан астам қатысушы оқытылды, 1000-нан астам семинар өткізілді, жұмысын енді бастаған кәсіпкерлермен және студенттермен  100-ден аса кездесу болып өтті.

Бұл ретте жобаларды үйлестірушілердің – шешу үшін неғұрлым өткір тұрған әлеуметтік проблемаларды таңдап алатын, жобаларды іске асыруды сауатты түрде ұйымдастыра білетін, демеушілерді тарта білетін, қаржы қаражаттарын тауып, тиімді нәтижелерге қол жеткізетін адамдардың ерекше рөлін атап көрсетуіміз керек.

Кейін қарай