Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қыркүйек, 2015

1012

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қазақстандық моделі» дөңгелек үстелі

2015 жылғы 18 қыркүйекте ҚХА ҚР елшілігінде (Бейжің қаласы) Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы  «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қазақстандық моделі» дөңгелек үстеліне қатысты.  

2015 жылғы 18 қыркүйекте ҚХА ҚР елшілігінде (Бейжің қаласы) Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы  «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қазақстандық моделі» дөңгелек үстеліне қатысты. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов жиналған қауымға құттықтау сөзін арнады. Өз сөзінде ол: «Бүгін этномәдени бірлестіктер Қазақстандағы азаматтық қоғамның мықты институты, олар дәстүр, мәдениет пен тілді сақтап қана қоймай, мемлекетаралық қатынастағы «алтын көпір» болып табылады. Президент этномәдени бірлестіктер мүмкіндіктерін ескере отырып, инвестиция мен инновациялық технологияларды тартуды жүктеді»,-деді.

Дөңгелек үстелге Шанхай Ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ)  бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, қытайдағы елшілер Андрей Денисов (Ресей), Қанайым Бактығұлова (Кырғызстан), Шынар Рустамова (Түркменістан), Латиф Гандилов (Әзіррбайджан), тәжік, белорус және украиндық дипломаттар, шет ел мемлекеттерімен достық Қытай халық қоғамы, ҚХР ұлттары бойынша мемлекеттік комитет қызметкерлері, қытай ғылыми орталықтарының өкілдері, БАҚ пен бейжің жоғарғы оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қатысты..

Қытайдағы ҚХА делегация құрамында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Зухра Саяпова мен Надежда Нестерова, «Дүнген этномәдени орталықтар қауымдастығы» ҚБ мүшесі Шакир Хахазов, «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шаймардан Нұрымов, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі. 

Кейін қарай