07 Мамыр, 2016
1150
«Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған мереке
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының орталығында 2016 жылғы 1 мамыр күні «Қазақстан халқының бірлігі күні» аталып өтті. Халықтардың бірлігі күні – бұл ең маңызды, жарқын мерекенің бірі. Ол – достық пен өзара түсінушілік, бірлік мерекесі.
Іс-шараға мыңдаған көрермен қатысты. Соның ішінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары ұйымдастырылған концертке белсене қатыса отырып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, Қазақстанда мекендейтін көптеген ұлттардың спорттық және ұлттық ойындарын тамашалап, үйреніп, күш сынасып көрген бірнеше азаматтарымыз да болды. Өскемен қаласының тұрғындары бір-бірін мерекемен құттықтай отыра, жақсы концерт көріп, әр ұлт өкілдерімен естелікке суретке түсе алды.
Біз осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген ұлттар мекендейді. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Міне, осы мереке халқымыздың бірлігін көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы