Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Желтоқсан, 2015

1423

«Қазақстан – Ұлы дала, көп ұлтты мемлекет»

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шеңберінде және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған Қазақстан-Америкалық еркін университет (ҚАЕУ) колледжінде «Қазақстан – Ұлы дала, көп ұлтты мемлекет» атты мерекелік бағдарлама өтті. 

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты - Ассамблеяның татулық пен тыныштық тірегі екенін көрсету. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап, оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихты бағалай отырып, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен әлеуметтік – құқықтық пәндер циклдық комиссиясының төрағасы Б.Макаримов ашты. Ары қарай концерттік бағдарламада колледждің белсенді оқушылары Эрикова Азиза, Айтқазина Әлия, Сәкенов Диас сияқты және т.б. өнерлі студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шара  көрермендері әр ұлт өкілдерінің әсем әндерін тыңдап, мың бұралған билерін көрулерімен қатар, тәуелсіздік жылдарына арналған театрлық қойылымдарды тамашалады. Мереке соңы жастардың орындауындағы «Қазақ елі» атты патриоттық әнмен аяқталды.

Кейін қарай