Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Шілде, 2015

931

«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарлас ынтымақтастықты кеңейту» халықаралық «дөңгелек үстелі»

2015 жылғы 29 шілде күні сағат 11.00 Орал қ.  «Салтанат сарайы» ғимаратында (Астана шағын ауданы) «Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарлас ынтымақтастықты кеңейту» халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.

 

2015 жылғы 29 шілде күні сағат 11.00 Орал қ.  «Салтанат сарайы» ғимаратында (Астана шағын ауданы) «Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарлас ынтымақтастықты кеңейту» халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі–Нұрлан Ноғаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі– Ералы Тоғжанов, Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы - Светлана Смирнова, Орынбор облысы халықтары Ассамблеясының төрағасы – Веналий Амелин, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты– Елена Тарасенко, Орал қ. РФ бас консулы– Саид Забитов, Жайық ө. бойында өткен тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық экспедицияның қатысушылары, облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен облыстық басқармалардың жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы  ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері мен жастар қауымы қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясының ниет хаттамасына қол қойылып, азаматтық біртектілік бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»–100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру, Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлы ынтымақтастық пен мәдени өзара әрекеттестікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы  және Ресей халықтары Ассамблеясының рөлі бойынша сұрақтар талқыланды.

___________

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz

 

 

Кейін қарай