Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2015

1133

«Қазақстан – менің жүрегімде» мерекелік іс-шарасы

Орал қ. А. Островский атындағы облыстық драма театрында «Яик – казактарының Одағы» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен оралдық казактардың мейрамы өтті. 

Орал қ. А. Островский атындағы облыстық драма театрында «Яик – казактарының Одағы» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен оралдық казактардың мейрамы өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, жастар қауымы қатысты.

Іс-шараға қатысқан БҚО ҚХА басшысы Гайса Капаков өз сөзінде: «Казак мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасып өңірімізде тұратын басқа халықтардың мәдениетімен тығыз араласып кеткен»,- деді.

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында барлық этномәдени бірлестіктердің шаралары өтуде. Бізде өз үлесімізді қосып Орал қаласының тұрғындарын қуанту мақсатында бүгінгі концертімізді ұйымдастырдық. Қазақстан шыныда менің жүрегімде, мен осы елде туып өстім, 17 жыл яик казактарының одағын басқарып келемін. Қиын қыстау 90 – шы жылдарда Елбасымен кездестік сол уақытта біздер тек бейбітшілік пен келісімді жақтайтынымызды оған жеткізген болатынбыз»,- деді казак этномәдени бірлестігінің басшысы Вячеслав Солодилов

Іс-шара барысында қонақтар этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының қатысумен өткен мерекелік концертті тамашалады.

 

Кейін қарай