Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Ақпан, 2017

1142

«ҚАЗАҚСТАН ОРЫС, СЛАВЯН, КАЗАК ҰЙЫМДАРЫ АССОЦИАЦИЯСЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2017 жылғы 21 ақпанда  Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымының республикалық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға Ассоциация төрағасы - В.Божко, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Дөңгелек үстел тақырыбы - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша туындайтын «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымына кіретін этномәдени бірлестіктердің міндеттері», сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелері .

«Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және мемлекеттік өкілеттіктерді бөлумен байланысты конституциялық өзгеріс, бір жағынан, ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталса, екінші жағынан, Қазақстанның әлемде болып жатқан барлық экономикалық үрдістерге немесе трендтерге сай келіп, ғылым, техника, өнеркәсіптің заманауи жетістіктері негізінде экономиканы дамытуға бағытталған», – деді өз сөзінде В.Божко.

 

Кейін қарай