18 Желтоқсан, 2015
1220
«Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты музыкалық антологиясының тұсаукесері
2015 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты музыкалық антологиясының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге Қазақстан халқы Ассаблеясы Төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы, Алматы қаласы ҚХА хатшылық жетекшісі Әбдәлиева Маргарита Әбубәкірқызы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мауленов Нұрлан Оңласынұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Асқар Әлібек Асылбайұлы және Алматы қаласы ЭМБ төрағалары мен мүшелері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту жэне қоғамдық саяси жұмыс комитетінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында белгілі фольклортанушы ғалым Берік Жүсіповтің «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атта музыкалық энциклопедиялық, ғылыми-танымдық еңбегі жарық көрді. Бұл автордың көп жылғы ғылыми ізденістері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Екі бөлімді 3 тілдегі музыкалық антологияға Қазақстанда тұратын жүзден астам этностардың әндері мен аспаптық мұраларының таңдаулы үлгілері енген. Халық музыкасы мәйегіндегі елдік рух пен бірлік туын бекем ұстаған Қазақстан халқының алуан түрлі руханият нұсқаларын бір арнаға тоғыстырып, ортақ тілге айналдыра алған ұлтаралық сипаты басым бұл басылым ұлттық өнертану саласы бойынша Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отырғандығымен ерекшеленеді.
Этностық музыка тақырыбына арналған мұндай жоба бұрын-соңды жасалмағандықтан, бұл ерекше тәжірибе қатарына жататын бастамалы еңбек екенін атап өтуіміз керек. Қазақстан халқының рухани, мәдени тыныс-тіршілігін тұтас зерттеп, халық шығармашылығы жанрларын терең талдап, әрбір этностың төл музыкасына қатысты деректерді ғылыми ыждағаттылықпен қамтыған мұндай теориялық, танымдық еңбек ғылыми айналымға алғаш рет түсіп отыр. Басылым көпшілікті этностық диаспоралардың музыкалық мәдениеті туралы құнды мағлұматтармен қамтамасыз ете отырып, олардың музыкалық үрдістерінің алуандығын, соның ішінде халық музыкасының ерекшеліктерін кеңінен толғайды.
Басылым екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім халық шығармашылығы жанрларымен таныстыра отырып, әрбір этнос сазының төлтума болмысын, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Екінші бөлімдегі 28 CD таспаға 330-дай орындаушы мен топтардың жеткізуінде 100-дан астам этностың 600-дей музыкалық фольклорының таңдаулы үлгілері топтастырылған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, құрастырылған музыкалық антология көпшілік оқырман мен тыңдарманға арналған.
Антологияның авторы әрі құрастырушысы Берік Жүсіповің негізгі мақсаты - оқырман мен тыңдаушыны Қазақстанда тұратын этностық диаспоралардың халық музыкасы үлгілерімен таныстыру. Антология өнертану, фольлортану, әдебиеттану, тарих, этнография секілді бірқатар қабырғалы ғылым салаларының деректерін қамтиды. Постсоветтік кеңістіктен кейін жасалған баламасы жоқ үлгі-жоба ретінде бағаланып, отандық ғылымның ұлттық өнертану саласын ерекше байытып отырған бұл музыкалық антологияның табиғаты санқырлы. Басылым жоғарыда аталған кәсіби сала мамандарына қоса, қарапайым тыңдарманның да танымын тең таразылай отырып жасалған. Басылымның ғылыми жаңалығының сонылығы, теориялық арқауының негізділігі, күнделікті тәжірибе жүзіндегі қажеттілігі этносаралық мәдени келісімде нығайта түседі.
Негізінен халық музыкасы жанрларын қамтып, ән, би, аспаптық шығармалардың дәстүрлі жүйесін сақтаған орындаушылардың нұсқаларын топтастырған антологияда қажетіне қарай әр этностың тұрмыс-тарихына қатысты классикалық және заманауи музыка үлгілірі де қоса берілген. Антологияға енген этнос атаулары әліпби тәртібімен орналастырылған. Берілген әрбір шығарма атауы үш тілде жазылып, мазмұнына қарай олардың бүгінгі қазақ тіліндегі нақты балама атауы ұсынылған.
Этностық мәдениет үлгілерін дамыта түсу, кейбір жоғала бастаған ұлттық дәстүрлердің маржан үлгілерін қалпына келтіру, қазақстандық этномәдени кеңістікті қалыптастыру секілді мәселелер болашақта түбегейлі зерделенуі тиіс. Жалпы музыка атаулының ешқандай шекараны білмейтін, жалпыға бірдей түсінікті, ұлтаралық сипаты антология мазмұнының да анық аңғарылады. Адам баласының қай тілде сөйлеп, қандай сенімді тұтынатындығына қарамастан, музыкалық мәдениет атаулының өзегінде адамға ортақ ізгілікке толы ілкі белгілер болады. Әсіресе оны түрлі этностардың дәстүрлі музыкалық мұраларын қатар қойып тыңдағанда анық байқаймыз. Қарапайым тыңдаушының сан түрлі сазды салыстыра тыңдай отырып, ақыр аяғында бір ғана ұлт әуенін естігендей әсер алатындығын басылымның осы ерекшелігіне жатқызамыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті