05 Маусым, 2015
1049
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ҰЛТ БІРЛІГІ – ТҰРАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
2015 жылғы 4 маусымда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтында бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам - Ұлт жоспарында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ҰЛТ БІРЛІГІ – ТҰРАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Аталмыш іс-шарада ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Аяған Бүркітбай Ғелманұлы модератор болды.
Дөңгелек үстел барысында ұлт құрылысының үлгісі, азаматтық бірегейліктің тетіктері мен құралдары, қоғамды әрі қарай біріктіру жолдары, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын әлеуметке сіңіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен мәртебесі және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ басшылары мен қызметкерлері, ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері: Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, Мемлекет тарихы институтының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетекші ғалымдары, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті