19 Қазан, 2018
1122
«ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АРНАЙЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕЗҚАЗҒАНДА БОЛДЫ
Жезқазғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында облыстық экспедиция өтті
Еліміздегі этностардың арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін, тарихын, дәстүрін насихаттайтын бұл жоба ағымдағы жылдың сәуір айында қолға алынған.
Жезқазған-Ұлытау өңірлерінде алты күнге жоспарланған бағдарламада ұлттық дәстүрден бастап әр түрлі іс-шаралар қамтылған. Барлығы 30 адамнан тұратын экспедицияның мүшелері – облыс этномәдени орталықтарының жастар қанаты өкілдері, сондай ақ, Жезқазған өңірінің студенттері.
Алғашқы күні ҚХА мүшесі, Жезқазған қаласы қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Зинаида Чумакова тарихтан мысал келтіріп, Жолдаудан үзінді беріп, жастарға артылып отырған сенім мен үміттің зор екенін жеткізді.
Шара салт-дәстүр көрсетілумен жалғасты. «Қыз ұзату», «Келін түсіру» «Беташар» сияқты дәстүрлер көрсетіліп, киіз үйдің құрылымымен танысқан экспедиция мүшелері ауылдың алты аузын айтқан әжелердің өнеріне тәнті болды.
«Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас» деген дана халқымыздың тағы бір ғұрпы «Бата беру». Осының бәрі қатысушылардың көз алдында ұйымдастырылып, мазмұны мен әр жасалған ырым, салттың себебі қоса түсіндіріліп отырды.
Профессор Кания Тұрсынбаева Ұлытауды алдағы уақытта туризм ортасы ету, Жезқазған қаласының құрылу тарихы, өңірдегі өзекті нысандар жайлы мол мағлұмат беріп, қатысушылар пікір алмасты.
Жоспар бойынша Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы және Жезқазған тарихи-археологиялық музейін аралаған экспедиция мүшелері Ұлт ұясы – Ұлытауға саяхат жасады.
Ұлытаудың киелі жерлерін аралаған экспедиция мүшелері бұдан соң бауырсақ басып, пісірсе, ер жігіттер қой сойып, оның мүшелеп, әр жілік пен мүшенің қандай жағдайда тартылатынын, кімге ұсынылатынын үйренді.
Бағдарлама танымдық іс шараларға толы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан тамыр тартқан бұл жоба қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын насихаттауға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті