11 Желтоқсан, 2017
976
«Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектілері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2017 жылдың 8 желтоқсаны күні сағат 10.00-де Алматы қаласы Достық Үйінде ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Алматы қаласы ҚХА Ғылыми сараптамалық тобымен Алматы қаласы республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету қызметімен бірге «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектілері» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына танымал қазақстандық ғалымдар, тарих және тарихнама, этномәдени саясат және этносаралық қарым-қатынас саласындағы мамандар қатысты. Конференцияға белгілі ғылыми мамандар – тілтанушылар, философтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамдық қызметкерлер, журналистер, қалалық және республикалық этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА республикалық Ғылыми сараптамалық кеңесінің және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми сараптамалық мүшелері шақырылды.
Қазақ әліпбиін реформалау тарихи алғышарттармен астасып жатыр және әлемдік технологиялық және коммуникациялық кеңістікке енуге бағытталған. Сонымен бірге бұл мәселе қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани жаңғыру үшін үлкен мәнге ие. Сондықтан 2012 жылдың 14 желтоқсанында Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «аталған әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірді жаңғырту Қазақстан халқын топтастырушы болуы тиіс» - деп атап көрсетеді.
Конференция жұмысында танымал ғалымдар, тарих және тарихнама мамандары мен ғылыми қауымдастық өкілдері латын графикасына қазақ тілін ауыстыру бойынша ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын іске асырудың әлеуметтік-мәдени, саяси және әдіснамалық аспектілерін талдауға арналды. Сонымен қатар, «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары, болашақтағы біртұтас Ұлтты қалыптастыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы бойынша жалпықазақстандық бірегейлік және Қазақстан этностарының бірлігі мен келісімін нығайту шеңберінде қазақ әліпбиінің алдағы реформасын іске асырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқыланды.
Дата события ассамблеи: 11.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді